kzruen

Сенім телефондары:

8 (7292) 57 12 16

8 778 959 84 60

Сейдалиев Асқар Әбиұлы

Басқарма басшысы

қауырт желі

110

Горячая линия

Маңғыстау облысының терроризмге қарсы күрес комиссиясы Антитеррористическая комиссия Мангистауской области

 

Мобильные приложения:
kzruen
Мобилді нұсқа

20 шілде 2019, Сенбі

Басқарма жаңалықтары

17 сәуір 2019

Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының ашылу салтанаты

2019 жылдың 17 сәуірі күні Ақтау қаласындағы «Holidаy Inn» қонақ үйінде республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының ашылуы салтанаты өтті.

Салтанатты шараға республикалық 14 облыс пен 3 қаласынан келген командалар, облысымыздың математик ардагер ұстаздары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім үйлестіру орталықтарының директорлары мен әдіскерлері, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Ашылу салтанатында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р. Сәкеев пен республикалық «Дарын» қосымша білім беру орталығының өкілі құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Республикалық «Математикалық регата» олимпиада Ақтау қаласындағы «Білім-инновация» лицейінде өтуде. Оған өңірлерден 19 команда құрамында 76 мұғалім қатысуда.

Олимпиада 4 кезеңнен тұрады және қатысушылар әр кезеңде 3 математикалық есептен шығаратын болады. 


Оқылған саны: 210




18 шілде 2019

Маңғыстау облысы Арыс қаласынан келген 150 баланы қала сыртындағы​ лагерьлерге қабылдайды.

Бүгін, 17 шілде күні 100 бала және 7 жетекші келді. Келген балаларды теміржол вокзалынан білім саласының қызметкерлері күтіп алды. Балалар мен жетекшілер қаладан 43 шақырымдағы теңіз жағалауында орналасқан ​ «Алау» жазғы сауықтыру лагеріне орналастырылды. Жазғы сауықтыру барысында балаларға экскурсиялар, шығармашылық және танымдық шаралар ұйымдастырылады. Келесі​ лек (50 бала) тамыздың 15 - ​ 27...

Оқылған саны: 14

15 шілде 2019

«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясы Елбасының балаларды оқумен толық қамту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың 3 шілдесі мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясын «Жүректен жүрекке!» үндеуімен республикалық қайырымдылық акциясының басталғанын хабарлайды. Бұл акция еліміздің түкпір-түкпірінде он екінші рет өткізілгелі отыр. Акцияның мақсаты -  аз...

Оқылған саны: 30

5 шілде 2019

ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, облыс тұрғындары!

ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, облыс тұрғындары! Маңғыстау облысының әкімдігі 2019-2020 оқу жылдарына арналған жергілікті бюджет есебінен конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатынын хабарлайды. Конкурс екі кезеңде өткізіледі: 1-кезең: Құжаттарды қабылдау -  ағымдағы жылғы 5-10 тамыз аралығы; 2-кезең: Құжаттарды конкурс комиссиясының қарауы –...

Оқылған саны: 401

5 шілде 2019

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 122 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019 - 2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 122 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019 - 2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007...

Оқылған саны: 34

26 маусым 2019

ХАБАРЛАНДЫРУ. Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары!

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! ҚР Білім және ғылым министрі Қ. Аймағамбетовтың тапсырмасына орай, ағымдағы жылдың 26 маусым күні сағат 15.00-де Ш. Есенов атындағы КМТжИУ үлкен залында басқарма басшысы А. Сейдалиевтың халықтың алдында есепті кездесуі өткізіледі. Есеп беру кездесуіне қатысуға болатынын хабарлаймыз. ...

Оқылған саны: 228

20 маусым 2019

«Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні» облыстық декада өтті

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасқа тәрбиелеу мақсатында, 2019 жылғы 19 маусым күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығында «Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне» арналған облыстық декада өткізілді. Декадаға әр...

Оқылған саны: 70

20 маусым 2019

"Мектептегі туристік-өлкетану бағытындағы жұмыстардың тәжірибесі" семинары өтті.

Орталық ағымдағы жылдың 13-14 маусым күндері аралығында Білім басқармасы мен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлескен «Балалар мен жасөспірімдер арасында туристік, өлкетану және экологиялық жұмыстарды жетілдіру туралы» №108нқ бұйрығына сәйкес, Түпқараған аудандық білім жүйесін дамыту орталығында «Мектептегі туристік-өлкетану бағытындағы жұмыстардың тәжірибесі»...

Оқылған саны: 72

19 маусым 2019

«Саура» демалыс орыны бағытындағы 2 күндік туристік шатырлы лагері

Орталық 17-18 маусым күндері аралығында «Саура» демалыс орынына, Түпқараған және Маңғыстау аудандарының оқушыларына 2 күндік туристік шатырлы лагерь ұйымдастырды. Мамандарымыз бағдарламаға сәйкес, 2 күндік туристік шатырлы лагерьдің ашылуын өткізіп және қатысушыларымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Оқушыларымыз табиғатты тамашалап, кешкі алау жанында жаңа достармен бірге әндер айтып,...

Оқылған саны: 84

14 маусым 2019

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалі өтті

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы Қостанай қаласында 2019 жылдың 7-8 маусым күндері өткен «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестиваліне «Ералаш» әзіл-сықақ номинациясы бойынша қатысқан Ақтау қаласы, №28 орта мектептің 8 сынып оқушысы Ихсан Мұстафаның 1-ші орын алғандығын хабарлайды. Жеңісіңмен Мұстафа!  ...

Оқылған саны: 84

13 маусым 2019

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды жүзеге асырушы ҮЕҰ-мен кездесу өтті

Ағымдағы  жылы  13  маусым  күні  Маңғыстау  облысының  білім  басқармасының  2019  жылға  арналған  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  шеңберіндегі  жобаларды  жүзеге  асырушы  ҮЕҰ-мен  кездесу  өтті. Аталған  кездесуге  Маңғыстау  облысы  білім  басқармасының  бас  маманы  О.Мамутова,  бөлім  басшысы  Ш.Байдуллаева,  облыстық  оқу-әдістемелік  және  қосымша  білім  беру ...

Оқылған саны: 78

13 маусым 2019

Үкіметтік Емес Ұйым директорларымен кездесу

Ағымдағы  жылы  13  маусым  күні  Маңғыстау  облысының  білім  басқармасының  2019  жылға  арналған  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  шеңберіндегі  жобаларды  жүзеге  асырушы  ҮЕҰ-мен  кездесу  өтті. Аталған  кездесуге  Маңғыстау  облысы  білім  басқармасының  бас  маманы  О.Мамутова,  бөлім  басшысы  Ш.Байдуллаева,  облыстық  оқу-әдістемелік  және  қосымша  білім  беру  орталығы  директорының ...

Оқылған саны: 78

13 маусым 2019

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны

Ағымдағы жылдың 1-12 маусым аралығында облыс көлемінде мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беру ұйымдарында «Еңбектен бос балалық шақ» ұранымен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны ұйымдастырылды. Науқан аясында «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы - балалар құқығын қорғау кепілі», «Менің құқығым»,  «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары», «Ұрпақтар...

Оқылған саны: 76

12 маусым 2019

Облыстық «Қозғалыстың жас инспекторлары» слеті

Маңғыстау облысының білім басқармасының 05.06.2019ж. №92 және Маңғыстау  облысы Полиция департаментінің 31.05.2019ж. №402 бұйрықтары  негізінде 2019 жылы маусым айының 12-сі күні Ақтау қаласы, «Білім – инновация» лицей-интернатының базасында «Қозғалыстың  жас инспекторлары»  слетінің облыстық  кезеңі өткізілді. Слетке аудан, қалалардан (10 оқушыдан құралған) 7 команда 70 оқушы  қатысты....

Оқылған саны: 94

12 маусым 2019

«Сұлтан-епе» және «Көгілдір айлақ» бағытындағы туристік шатырлы лагерь

Орталық ағымдағы жылдың 10-11 маусым күндері аралығында «Сұлтан үпі» шатқалына және «Көк бухта» теңіз жағалауына 2 күндік туристік шатырлы лагерь ұйымдастырды. Туристік шатырлы лагерьдің жоспарына сәйкес, орталық мамандары оқушыларымыздың қатысуымен туристік-спорттық ойындар мен танымдық шаралар өткізді. Балалар лагерь барысында топпен бірге тағамдар дайындап, кешкі алау жанында түрлі әндер...

Оқылған саны: 120

11 маусым 2019

«Дарын» облыстық қосымша білім орталығының «Балдәурен» демалыс лагері маусымдық жұмысын бастады

«Дарын» облыстық қосымша білім орталығының  «Балдәурен» демалыс лагері маусымдық жұмысын бастады.  Демалыс л агері жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасы балаларының, мүгедек және даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларынан барлығы 300 оқушыны қамтиды. 10 - маусым күні Маңғыстау облысының білім...

Оқылған саны: 140

6 маусым 2019

1 Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні өткізілген мерекелік шаралар

Облыс көлемінде мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беру ұйымдарында, колледждерде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кең ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Ақтау қаласында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы өнер фестивалі өткізілді. Аталған шараға Корей этномәдени бірлестігі, облыстық кәсіподақ қоғамдық...

Оқылған саны: 116

5 маусым 2019

4 маусым күні мектеп бітіруші түлектер математика пәні бойынша емтихан тапсырды

4 маусым күні мектеп бітіруші түлектер математика пәні бойынша емтихан тапсырды. Облыс мектептерінде өткен қорытынды аттестаттаудың үшінші күнінен фоторепортаж ...

Оқылған саны: 100

5 маусым 2019

Облыстық мектеп оқушылары арасында «Дарабоз» спорттық-интеллектуалдық тележобасының ақтық сайысы өтті

Ағымдағы жылдың 31 мамыры күні Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен теңіз жағалауындағы баскетбол алаңында облыстық мектеп оқушылары арасында «Дарабоз» спорттық-интеллектуалдық тележобасының ақтық сайысы өткізілді. Тартысты өткен сайыста Жаңаөзен қаласының №21 орта мектебі командасы жеңімпаз атанса, екінші орынды Маңғыстау ауданының С.Нұрниязұлы мектеп-интернаты командасы...

Оқылған саны: 110

5 маусым 2019

Туристік шатырлы лагерь

Ағымдағы жылдың 03-04 маусым күндері аралығында білім басқармасының 2019 жылғы 14 наурыздағы №25 нқ бұйрығымен бекітілген балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы «Ақмыш» демалыс орнында алғаш рет  2 күндік туристік...

Оқылған саны: 104

4 маусым 2019

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Маусым айынан бастап 1 сыныпқа қабылдау басталды. Ата-ананың мазалайтын бірнеше сұраққа жауап береміз. БІРІНШІДЕН: Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет: 1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде); 2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3) "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3; 4) № 063/у нысандағы денсаулық...

Оқылған саны: 117

3 маусым 2019

ХІV «Жұлдызай» балалар шығармашылығының халықаралық кезеңінің жеңімпаздары

Ағымдағы жылдың  26 мамыры мен 1 маусым аралығында  Нұр- Сұлтан қаласында  өткен ХІV «Жұлдызай» балалар шығармашылығының халықаралық кезеңіне облыстан «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп –интернатынан» «Ым-ишаратпен ән айту» номинациясы бойынша  Аманов Айбек,  Үкібай Гүлнәр және «№2 арнайы жалпы білім беру мектебінен» «Хореография» номинациясы бойынша  Көңілқос...

Оқылған саны: 106

3 маусым 2019

Құрметті балалар, ата-аналар, жерлестер!

Құрметті балалар, ата-аналар, жерлестер! Сіздерді 1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жайма шуақ жаздың басталуымен қатар келетін бұл атаулы мерекеде барлық мейірім балаларға болмақ. Елімізде балаларымыздың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуіне барлық игіліктер жасалған. Бұл бағытта Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Н. Ә....

Оқылған саны: 124

2 маусым 2019

Құрметті Ермек Серікұлы!

Құрметті Ермек Серікұлы! Еліміздегі дербес бағдарламалармен білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің химия биология бағытындағы мектебі өлкемізде ашылғанына аз уақыт өтсе де Халықаралық мектептер қауымдастығының аккредиттеуінен өтіп, Халықаралық мектеп статусын алды. Аталған жетістік Сіздің және Сіз басқарып отырған білім ордасының педагог қауымының тынымсыз еңбегі мен жоғары...

Оқылған саны: 92

Сейдалиев Аскар Абиевич

Начальник управления