kzruen

Сенім телефондары:

8 (7292) 57 12 16

8 778 959 84 60

Сейдалиев Асқар Әбиұлы

Басқарма басшысы

қауырт желі

110

Горячая линия

Маңғыстау облысының терроризмге қарсы күрес комиссиясы Антитеррористическая комиссия Мангистауской области

 

Мобильные приложения:
kzruen
Мобилді нұсқа

19 мамыр 2019, Жексенбі

Басқарма жаңалықтары

20 наурыз 2019

IX «НАУРЫЗ КЕЗДЕСУЛЕРІ» «Ғарыш. Ғылым. Интеллект»

IX «НАУРЫЗ КЕЗДЕСУЛЕРІ»

 

«Ғарыш. Ғылым. Интеллект»

Жастар жылы аясында Қызылорда қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының IX Наурыз кездесулері өтті. Биылғы жылдың тақырыбы – «Ғарыш. Ғылым. Интеллект».

Дәстүр бойынша жас ғалымдарға арналған үлкен ғылыми алаңда республика бойынша Зияткерлік және жалпы білім беретін мектептердің 200 астам оқушысы қатысты.

Алғаш рет Наурыз кездесулері Байқоңыр ғарыш айлағынан бастау алды. 15 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00.14 Назарбаев Зияткерлік мектептері делегациясы «Союз» пилотты кеменің ұшырылымына қатысып, тамашалады.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов шараның құрметті қонағы болды.

Наурыз кездесулері шетелдік және қазақстандың ғалымдардың дәрістері форматында өтті.  Биылғы жылдың басты спикерлері NASA мен SpaceX-тің ғарыш жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі жөніндегі әлемдік сарапшы Майкл Лутомски, NASA-ның ғылыми зерттеушісі Правин Пратапан және  ғарышкерлерді даярлайтын Еуропалық орталықтың қызметкері Игорь Дроздовский болды.

Ғарышкерлермен өткен кездесу Наурыздың басты оқиғасына айналды.  Жас зерттеушілер ұзын соңар кезекке тұрып, ғаламшарды бағындырған атақты тұлғаларға сұрақтарын қойып, жауап алды. Ғарыш батырлары оқушылардың жұмыстарымен  танысу барысында жастардың ғылыми әлеуетін жоғары бағалап, маңызын атап өтті.  

Ғылыми жобалар байқауында НЗМ оқушыларының аэроғарыштық инженерия тақырыбында 80-ге жуық зерттемелері таныстырылды.  Олардың ішінде аспан денелерінің және ғарыш аппараттарының 3D модельдері, орбиталық станциялардың жобалары, әмбебап борттық құрылғылар, көпфункционалды зымырандар, ғарыштық прототиптердің ассистенті және инновациялық технологияларды қолдану жобалары бар. Жас өнертапқыштар халықаралық ғарыш станциясын қоқыстардан қорғау және тазарту, ғарышкерлерге – тамақ, медицина және арнайы техника үшін жағдайды оңтайландыру мәселелеріне көп көңіл бөлді.

Бірнеше бағыттағы жеті жобаның авторлары Наурыз кездесулерінің жеңімпазы болып аңықталды.  Олар Астана қаласындағы мектептерінің оқушылары Ерасыл Тәуекел мен Рахат Жакиенов («Көпмәртелік ғарыштық жүйе және «Импульс» зымыран ұшыру кешені» жобасымен), Альнур Акчурин («Ғарыш жағдайында өсімдіктерді өсіру агрогелі» жобасымен), Алихан Талипбаев («Smart colonization» жобасымен), сондай-ақ, атыраулық Амир Альжаксин («Жасанды салмақсыздықты қалыптастыру мақсатында  3d клиностатты модельдеу» жобасымен), қостанайлық  Даниил Округ   («Толықтырылған шынайлылық технологиясын қолдану арқылы математикалық модельдеу және физикалық үдерістер мен құбылыстардың визуализациясы» жобасымен), Орал қаласынан  Ақылбек Мақсұтов (Ғарыш кемесіндегі тіршілікті қалыптастыру жүйесінде ExRCH4 реакторы» жобасымен) және алматылық  Асылбек Сәкенов пен Данил Прохоренко (Ғаламшараралық аппараттарды зерттеу арқылы аспан денелерінің 3D моделін әзірлеу» жобасымен). Жеңімпаздарға Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің гранттары табысталса, Ақылбек Максұтов және Қызылорда қаласынан жүлдегер Қадырхан Ағыбаев Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім грантына ие болды.

Наурыз кездесулерінің ұшу алаңынан жас ғалымдар В.Чаломей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінің және Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің жетекшілігімен арнайы өткізілген шебер сыныптарында өздері құрастырған зымырандарды көк аспанға ұшырды.

Үшінші күні қазақстанның түкпір-түкпірінен жиылған оқушылар Қызылорда облысының көрнекі жерлерін аралады. Қорқыт Ата мемориалды кешенімен танысқан делегаттар Байқоңырдағы ғарыш айлағы мұражайы, «Буран» орбитальды кемесі, Королев пен Гагарин үйлерін және әлемдегі алғаш рет адамды ғарышқа аттандырған Гагарин стартында болды.

 


Оқылған саны: 146




15 мамыр 2019

«Сыр мақтанышы Әбділда Тәжібаев» тақырыбындағы поэзиялық кеш өтті

Ә.Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Сыр мақтанышы Әбділда Тәжібаев» тақырыбындағы поэзиялық кеш өтті. Отты жыр, салмақты сөзімен қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған Әбділда Тәжібаевқа арналған жыр кеші өтіп, ақын қаламынан туған өлеңдері өлкеміздің әр ауданынан келген ұстаздар мен оқушылар назарына ұсынылды. Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Мамаева Гүлмира...

Оқылған саны: 10

15 мамыр 2019

«Үздік мектеп музейі» облыстық байқауы

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығында 2019 жылы 14 мамыр күні жалпы білім беру ұйымдарының музей қызметкерлері арасында өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде және ұлт құндылықтарымен жәдігерлерін насихаттау мақсатында «Үздік мектеп музейі» атты облыстық байқауы өткізілді. Байқауға әр аудан...

Оқылған саны: 28

8 мамыр 2019

«Оқушылардың жазғы демалысында шатырлы туристік лагерьлерді ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық қашықтық сабағы

 Ағымдағы жылдың 3 мамыр күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен Бейнеу ауданының Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебінде «Оқушылардың жазғы демалысында шатырлы туристік лагерьлерді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық қашықтық сабақ өткізілді. Қашықтық сабағына Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған, Мұнайлы аудандары және Ақтау, Жаңаөзен қалалық білім беру...

Оқылған саны: 30

6 мамыр 2019

«Біз таза қаланы қолдаймыз!» облыстық экологиялық акциясы

2019 жылдың 2 сәуірі мен  30 сәуірі  аралығында жүргізілген айлық сеңбіліктің нәтижесінде «Біз таза қаланы қолдаймыз» атты екі күндік экологиялық акциямен қорытындыланды. Облыстық айлық сенбіліктің нәтижесінде мектептерде 3 мыңдай ағаш отырғызылды. Бұл шара әр жыл сайын және жаз айларында  жалғасатын болады. Акцияға аудан, қаладан айлық кезеңнің ең белсенді 35 оқушысы шақырылды. Оқушыларға...

Оқылған саны: 34

3 мамыр 2019

Маңғыстау облысының тарихи-мәдени орындарына саяхат

Ағымдағы жылдың 13 сәуірі күні орталық ЖШС «Этнотур» туристік фирмасымен бірге 50  оқушыны «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені мен «С.Қондыбай атындағы мемориалдық музейіне» экскурсияға апарды.   Саяхат  гидтері  жол бойында оқушыларды өңіріміздің тарихи орындары жайлы ақпараттармен бөлісті. «Отпан тарихи-мәдени кешеніндегі» мемориалдық музейіне барып, музей экскурсоводы музей ішін толықтай...

Оқылған саны: 42

2 мамыр 2019

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы

Облыстық білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында 2019 жылдың 17 сәуір күні «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы Ақтау қаласы, Маңғыстау туризм колледжінде өткізілді....

Оқылған саны: 46

2 мамыр 2019

«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы

    Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы 2019 жылғы 24 сәуір күні Ақтау қаласы, №16 жалпы білім беру орта мектебінің базасында жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауын өткізді.           Облыстық...

Оқылған саны: 36

2 мамыр 2019

«Маңғыстау кереметтері» мәдени танымдық экскурсиясы

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы ағымдағы жылдың 12-14 сәуір күндері аралығында білім басқармасының «Өз еліңді таны» акциясы аясында алынған балалар мен жасөспірімдер туризмінің іс-шараларының «Маңғыстау кереметтері» атты  мәдени танымдық экскурсиясына Ақтөбе облысы Шалқар ауданы мектептерінің 50-ге жуық оқушылары апарылды.    Саяхат «Шопан ата-Бекет ата»,...

Оқылған саны: 31

29 сәуір 2019

9-11 сынып оқушылары мен ата-аналарына кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 15-26 сәуір күндері Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек мемлекеттік» бағдарламасы аясында «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім» жобасын облыс көлеміндегі жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына және олардың ата-аналарына кең...

Оқылған саны: 22

26 сәуір 2019

«Адами капиталды дамытуға арналған құралдар» тақырыбында семинар өтті

2019 жылы 26-27 сәуір күндері «Білім инновация лицейі» базасында Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған заманауи тетіктерді түсіну және WorldSkills International, халықаралық тәжірибе және жергілікті сипаттамалар арқылы адами капиталды басқарудың жүйелі тәсілін қалыптастыру мақсатында «Адами капиталды дамытуға арналған...

Оқылған саны: 26

26 сәуір 2019

«Үздік қосымша білім беру педагогы» атты облыстық байқауы

Қосымша білім беру ұйымдарында тәрбие үдерісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту және шығармашылықпен жұмыс жасайтын қосымша білім беру педагогтарын анықтау, кәсіби шеберлігін, теориялық дайындығын жетілдіру және ынталандыру мақсатында ағымдағы жылдың 26 сәуір күні «Үздік қосымша білім беру педагогы» атты облыстық байқауы өткізілді. Байқаудың қорытындысында...

Оқылған саны: 36

26 сәуір 2019

«Жаңа әдіс - тәсілдің қолдану тиімділігі» тақырыбында ашық есік күні өтті

Маңғыстау облысының білім басқармасының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы ағымдағы жылдың 18 сәуір күні «Жаңа әдіс - тәсілдің қолдану тиімділігі» тақырыбында ашық есік күнін өткізді. Шараның мақсаты - білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін оқу – түзету – тәрбие жұмыстарында жаңа әдіс тәсілдерді пайдалана отырып үлгілік оқу бағдарламаның талаптарын...

Оқылған саны: 38

26 сәуір 2019

Маңғыстау облысының педагогтарынан құралған әйелдер форумы өтті

Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні білім басқармасының акт залында Қазақстан Республикасы Президентіне кезектен тыс сайлау науқаны қарсаныңда Маңғыстау облысының педагогтарынан құралған әйелдер форумы өтті.Шараға білім басқармасының қызметкерлері, ардагер-ұстаздар, облыстық арнайы және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.Шарада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІХ съезіндегі...

Оқылған саны: 29

24 сәуір 2019

Республикалық Абай оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті

2019 жылдың 23 сәуір күні Ақтау қаласы №23 жалпы білім беру орта мектебі ғимаратында  5 - 11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Абай оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті. 4 бағыт бойынша өткен байқауға аудан, қала және мамандандырылған мектептерден 40 оқушы қатысты. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша: Бас жүлде - Реш Нұргүл - Қарақия ауданы, №7 орта мектебінің 7 -...

Оқылған саны: 44

22 сәуір 2019

Ақтауда 170 стартап жоба таныстырылды

Ағымдағы жылдың 20-27 сәуірі күндері  Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен және облыстық білім басқармасының қолдауымен «Caspian Startup-2019» оқушылар мен колледж студенттері арасындағы тұңғыш стартаптар конкурсының іріктеу кезеңі өтті.  Екінші рет ұйымдастырылған бизнес-идеялар сайысына  190-нан аса жобадан өтініш келіп түсті, оның 170-і...

Оқылған саны: 92

19 сәуір 2019

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті

2019 жылдың 19  сәуірі күні Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың  құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Облыс әкімі орынбасары  Р. К. Сәкеевтің төрағалығымен өткен отырысқа Комиссия мүшелері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Отырыс барысында Ақтау, Жаңаөзен қалалық кәмелетке...

Оқылған саны: 62

19 сәуір 2019

Республикалық Мағжан оқулары байқауының облыстық кезеңі

2019 жылдың 18 сәуір күні Ақтау қаласы 3 жалпы білім беретін орта мектебі ғимаратында 5 - 11 сынып оқушылары арасында республикалық Мағжан оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті.Байқаудың мақсаты: жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой - санасының қалыптасуына ықпал ету. Байқауға аудан, қала және мамандандырылған мектептерден барлығы...

Оқылған саны: 57

19 сәуір 2019

«Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы

2019 жылдың 17 сәуірі күні Ақтау қаласының «Білім-инновация» лицейі базасында педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру мақсатында республика көлемінде математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 19 команда 76 мұғалім қатысты. Олимпиада 4 кезеңнен тұрды және қатысушылар әр кезеңде 3 математикалық есептен...

Оқылған саны: 110

17 сәуір 2019

Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының ашылу салтанаты

2019 жылдың 17 сәуірі күні Ақтау қаласындағы «Holidаy Inn» қонақ үйінде республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының ашылуы салтанаты өтті. Салтанатты шараға республикалық 14 облыс пен 3 қаласынан келген командалар, облысымыздың математик ардагер ұстаздары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім үйлестіру орталықтарының директорлары мен әдіскерлері, үкіметтік емес ұйымдар...

Оқылған саны: 78

17 сәуір 2019

"Жетекші мектеп-білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы даму алаңы" жетекші мектептердің ІІІ аймақтық форумының ашылу салтанаты өтті

2019 жылдың 17 сәуірі күні Ақтау қаласында жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу бойынша аймақтық жақын орналасқан мектептерге әдістемелік көмек көрсететін жетекші мектептердің тәжірибесін таратуға бағытталған жетекші мектептер арасында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ІІІ аймақтық форумның ашылу салтанаты өтті. Форумға Республика бойынша «НЗМ» ДББҰ өкілдері,...

Оқылған саны: 58

12 сәуір 2019

«Жаңашылдық, өзгеріс, жаңа әдіс - тәсілдер балабақшада» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуы өткізілді

Бүгін, 12 сәуір күні мектепке дейінгі білім беру саласын модернизациялау бағытында «Жаңашылдық, өзгеріс, жаңа әдіс - тәсілдер балабақшада» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуы өткізілді.Аталған шараға аудан, қалалардағы мектепке дейінгі ұйымдардың 14 педагогы қатысты. Педагогикалық оқу барысында педагогтар жаңа технологияларды пайдалану, қолөнер бұйымдарын жасау барысында саусақтардың ұсақ...

Оқылған саны: 49

11 сәуір 2019

«Батыс Қазақстан өңірін таны!» атты экскурсиялық тур

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы білім басқармасының 2019 жылғы іс қимыл жоспарына сәйкес, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық...

Оқылған саны: 84

8 сәуір 2019

«Өлкетану» оқулығы бойынша саяхат сабақтарын ұйымдастыру» облыстық қашықтық сабағы

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының ұйымдастырумен Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығында «Өлкетану» оқулығы бойынша саяхат жұмыстары» тақырыбында онлайн режиміндегі облыстық деңгейде қашықтық сабағы өткізілді. Онлайн сабаққа Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандары мен Ақтау қаласынан барлығы 60-тай адам...

Оқылған саны: 70

5 сәуір 2019

«Мектеп жылыжайындағы жұмыстарды үйлестіру» тақырыбындағы облыстық қашықтық сабағы

Ағымдағы жылдың 4 сәуірі күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының экология және биология бөлімінің ұйымдастыруымен Мұнайлы ауданының Батыр селосында  №10 мектепте «Мектеп жылыжайындағы жұмыстарды үйлестіру» тақырыбында облыстық деңгейде қашықтық сабақ ұйымдастырылды. Қашықтық сабағына Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған, Мұнайлы аудандары және Ақтау, Жанаөзен қалалық...

Оқылған саны: 75

Сейдалиев Аскар Абиевич

Начальник управления