kzruen

Сенім телефондары:

8 (7292) 57 12 16

8 778 959 84 60

Сейдалиев Асқар Әбиұлы

Басқарма басшысы

қауырт желі

110

Горячая линия

Маңғыстау облысының терроризмге қарсы күрес комиссиясы Антитеррористическая комиссия Мангистауской области

 

Мобильные приложения:
kzruen
Мобилді нұсқа

19 шілде 2019, Жұма

Болашақ бағдарламасы

31 наурыз 2017

«Болашақ» халықаралық стипендиясы

  «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған.

Қазақстан Республикасына тəуелсіздік таңында кейіннен реформалар жасап, елімізді əлемдік аренада лайықты танытатын жоғары білікті кадрлар талап етілді.

Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер тарихында алғаш ретталантты жастарға шетелде білімалу мүмкіндігі берілді. «Болашақ» стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуі мен кəсіптік өзін-өзі жүзеге асыруының өзіндік кепіліне айналды.

Жылдар өте, бағдарлама қарқыналып, мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға бейімделді.

1997 жыл – елдің дамуындағы негізгі кезеңнің бірі. Мемлекет басшысы 2030жылға дейінгі дамустратегиясын ұсынды. Стратегияның мақсаттары мен міндеттерін тиімді іске асыру үшін «Болашақ» бағдарламасына да өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375 Жарлығымен бекітілген Ережеде құжаттарды қабылдау жəне үміткерлерді іріктеу рəсімдері қозғалды, сондай-ақ стипендиаттарды оқуының толық курсын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жəне ұйымдарына жұмысқа орналастыру көзделді.

Сонымен қатар, оқу бағыттарындағы үйлеспеушіліктер туралы мəселені шешу талап етілді. 1994–1997 жж. стипендия, негізінен, қазақстандық жоғары оқу орындарының экономикалық жəне гуманитарлық факультеттерінің түлектеріне тағайындалды. Техникалық факультеттердің түлектері бағдарламада өте аз ұсынылған. Бұл ең алдымен, техникалық мамандықтардың оқу жоспарларында экономикалық жəне гуманитарлық мамандықтардың оқу жоспарларымен салыстырғанда шет тілдерін аз көлемде игеру көзделетіндігіне байланысты болды.

Бағдарлама іске асырылған алғашқы жылдары стипендиаттар төрт елде ғана оқыған (АҚШ, Ұлыбритания, Германия жəне Франция). Кейінгі жылдары шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың дамуына, сондай-ақ Үміткерлерді іріктеу қағидаларына кандидаттарды іріктеуді шетелде өз бетімен оқып жатқан үміткерлер арасында жүргізуге қатысты толықтырулардың енгізілуіне байланысты оқу елдерінің аумағы кеңейді.

2000 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сəйкес, инженерлік жəне техникалық білімі бар үміткерлер шет тілдерінің бірін еркін меңгеру туралы талапты есепке алмай конкурсқа қатысу құқығына ие болды.

1994 –2004 жылдар кезеңінде 13 елде оқу үшін 780 стипендия тағайындалған.

2005 жылы Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында жыл сайын үш мың жас жəне талантты қазақстандыққа əлемнің жетекші оқу орындарында оқу мүмкіндігін беру қажеттілігі туралы жариялады.

Стипендиаттар санын арттыру қажеттілігі уақыт талабы болып отыр. Қалыптасқан нарықтық экономика жағдайларында мемлекет бəсекеге қабілетті экономика үлгісіне жəне Қазақстан үшін басымды индустриалды-инновациялық даму, білім жəне ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпараттық технологиялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жəне басқа да салалардағы мамандарға қажеттілік ұдайы өсіп келе жатқан салалардың тұрақты өсуіне негізделген даму жолын таңдады.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005 жылғы 4 сəуірдегі № 301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамын құрды.

Стипендиаттарға елге келгеннен кейін бес жыл жұмыс істеу үшін міндеттемелерді бекітіп беретін шарттық база әзірленді, Үміткерлерді іріктеудің жаңа ережесі бекітілді, шетелдік жоғары оқу орындарының географиясы әлемнің 13 елінен 33 еліне дейін кеңейтілді. Шығыс бағыты дамытылып, оқу үшін ұсынылатын шетелдік жоғарыоқу орындарының қатарына Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия және Сингапурдің прогрессивті университеттері, сондай-ақ пост кеңестік мемлекеттердің жоғары оқу орындары енгізілді. Экономиканың басым мамандықтары үшін берілген салаларда (мұнайгаз ісі, энергетика және т.б.) жылдары тағайындалған гранттар саны «Болашақ» бағдарламасы іске асырылған алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын оқу елдері анықталды. 2005-2006  жылдары тағайындалған гранттар саны «Болашақ» бағдарламасын іске асырудың барлық тарихындағы рекордтық сан –2 574 адамға жетті.

2008 жылдан бастап елді мекендерде білім деңгейін арттыру («ауыл жастары» санаты енгізілген), мемлекеттік аппаратты реформалау («мемлекеттік қызметшілер» санаты енгізілді) және елдің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту («магистратурағ ағылыми-педагог қызметкер» және «тағылымдамаға ғылыми қызметкер» санаттары енгізілді) мақсатында бағдарламаға қолжетімділік кеңейтілген.

2011 жылдан бастап бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту тоқтатылды. Жұмыс берушілердің нақты тапсырыстары бойынша мамандар даярлауды және жұмыс беруші, стипендиат және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында үшжақты шарт жасауды көздейтін бағдарламалық-мақсаттық тетік енгізілді.

2012 жылдан бастап тағылымдама бағдарламасы инженерлік-техникалық, медицина және педагог қызметкерлер санаттарымен кеңейтілді.

2014 жылдан бастап үміткерлерді іріктеу сапасын арттыру үшін шетел (IELTS 3,0-тен IELTS 4,0-ке) және мемлекеттік (75 баллдан 85 баллға) тілдерді білудің ең аз бастапқы деңгейі арттырылды.  Times Higher Education, QS және Academic Ranking of World Universities халықаралық рейтингілеріндегі алғашқы 200 орындағы ғана, ұлттық рейтингілердегі алғашқы 30 орындағы және THE 100 under 50 және QS50 under 50 рейтингілердегі оқу үшін ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындарына талаптар қатаңдатылды, магистратура бағдарламасы үшін мәдениет және БАҚ қызметкерлері жаңа санаттары енгізілді.

2015 жылдан бастап ағылшын тілін Қазақстанда оқытуды көздейтін «6+6» тілдік даярлаудың жаңа моделі іске қосылды, магистратура және докторантура бағдарламаларына қолжетімділік кеңейтілді, Split-PhD индустриализациялау үшін ғылыми кадрлар даярлаудың жаңа моделін енгізілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы іске асырылған жылдары әлемнің 35 еліндегі 170 үздік жоғары оқу орнында оқу үшін 12 000 астам қазақстандыққа стипендия тағайындалған.

«Болашақ» стипендиясын іске асыру тетігін жетілдірудің мақсатты саясатының нәтижесі «Болашақ» стипендиясының 2014 жылы Майамидегі  Going Global VIII халықаралық конференциясында осы тектес 11 стипендиялық бағдарлама арасында үздік деп танылуы.

Сейдалиев Аскар Абиевич

Начальник управления