kzruen

Сенім телефондары:

8 (7292) 57 12 16

8 778 959 84 60

Сейдалиев Асқар Әбиұлы

Басқарма басшысы

қауырт желі

110

Горячая линия

Маңғыстау облысының терроризмге қарсы күрес комиссиясы Антитеррористическая комиссия Мангистауской области

 

Мобильные приложения:
kzruen
Мобилді нұсқа

20 мамыр 2019, Дүйсенбі

2020 жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020»

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы 3 бағыт бойынша іске асырылады. Елдің әр азаматы мынадай бағыттардың бірі бойынша қатыса алады: оқыту курсынан өту, мамандық бойынша жұмыс табу немесе өз бизнесіңді ашу немесе кеңейту. Аталмыш мақалада сіз бағдарламаның барлық бағыттары бойынша мәлімет аласыз, қатысу үшін қайда бару керектігін және ол үшін қандай құжаттарды жинау қажеттігін білесіз. 

Бағдарлама туралы

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының негізгі міндеттері:

  • экономика саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
  • жұмыс орындарын құру (тұрақты, уақытша);
  • ҚР жаһандық дағдарысты төмендету және экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
  • кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;
  • облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіби және аумақтық мобильділігін арттыру;
  • жұмыспен қамтылған жастардың бейімделуі және тұруы үшін жағдай жасау;
  • жұмыспен өздігінен қамтылған халықтың өнімді жұмыспен қамтылуын арттыру, олардың мәртебесін нысандандыру;
  • әлеуметтік қолдау шараларының мекенжайлығын күшейту, асырауда болушылықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • инфрақұрылымды және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
  • жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау;
  • жұмысқа орналасуға оқыту және әрекеттесу, жұмыс берушінің  қажеттіліктері аясында қоныс аудару.

Бағдарламаға кім қатыса алады?
Аталмыш бағдарламаның қатысушылары ҚР барлық азаматтары бола алады: оралмандар, еңбек қабілеттілігі сақталған мүгедектер, жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, университеттердің түлектері оқу аяқталғаннан кейін 1 жыл ішінде.

Қатысушылардың басым санаттарына жататындар:

  • 29 жасқа дейінгі жастар;
  • балалар үйлерінің тәрбиленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған он сегізден 29 жасқа дейінгі балалар;
  • ауылдық жерде тұратын әйелдер;
  • 50 жастан асқан зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі адамдар;
  • жалпы белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер;
  • ауыр жұмыстарға, зиянды (ерекше) және (немесе) қауіпті еңбек шарттарындағы жұмыстарға қамтылған және мемлекеттік жәрдемақы алушылар болып табылатын адамдар;
  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарынан шығарылған адамдар;
  • бас  бостандығынан айыру  және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
  • жұмыс беруші заңды тұлғаның таратылуына байланысты  немесе жұмыскерлер саны мен штаты қысқарғандықтан жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына байланысты босатылған адамдар.

Бірінші бағыт. Инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

Бағдарламаға қатысу үшін сіз алдын ала жұмыссыз тұлға ретінде тіркелуіңіз тиіс (онлайн тіркелу), жұмыспен қамту орталығында тіркелуге болады.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бірінші бағыты аясында жұмысқа орналасу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет (онлайн өтінім беру). Тиісті бос орындар болғанда жұмыспен қамту орталығы жұмысқа жібереді.
Бағдарлама аясында студенттермен жұмыс жүргізіледі. Оқушы жастар үшін жазғы демалыстар кезінде жұмыспен қамту көзделген, толығырақ «
Студенттердің жазғы демалыста жұмыспен қамтылуы» мақаласынан біле аласыз.

Бірінші бағыт аясында жұмысқа орналастыру үшін өзімен бірге мынадай құжаттар болуы тиіс:

  • қатысуға өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • отбасы туралы мәліметтер;
  • тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай парағы, селолық немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
  • еңбек кітапшасының  (бар болса) немесе еңбек әрекетін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • білім (аттестат, куәлік, диплом) туралы, сондай-ақ оқығанын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс орнын ұсынғаннан кейін және жұмыс беруші және ізденуші келіскен жағдайда әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Инфрақұрылымдарды дамыту аясындағы және ТКШ жұмыс орындары мынадай жұмыстарды жүргізу үшін бөлінеді:

  • тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы объектілерін күрделі, орташа және ағымдық жөндеу (сумен қамту объектілері, кәріздер, газ,-жылу,-электрмен қамту объектілері);
  • әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі, орташа және ағымдық жөндеу (білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, бос уақыт пен демалыс объектілері, соның ішінде республикалық меншік объектілері);
  • инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, орташа және ағымдық жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және селоішілік жолдар, кіреберістік жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, бөгеттер, дамбалар және көпірлер);
  • фельдшерлік-акушерлік орындар, ауылдық жердегі дәрігерлік амбулаториялар құрылысы (селодағы апатты жағдайдағы, бейімделмеген және балшық денсаулық сақтау объектілерінің мәселелерін шешуге басты назар аударылады);
  • елді мекендерді көгалдандыру (көшелерді, саябақтарды, гүлбақтарын жарықтандыру және көгалдандыру, иесіз жатқан объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық полигондарды, кіші сәулет нысандарын, балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын жайластыру).

Екінші бағыт. Жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау

Бағдарламаның «Жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау» деп аталатын екінші бағытына қатысуға тілек білдірген азаматтар жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға шағын несиені және бағдарлама аясында мемлекеттік қолдаудың басқа да қосалқы түрлерін алудың мүмкін нұсқалары туралы кеңес беріледі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізілген адамдар арасында
әлеуметтік келісімшарттар жасалады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік қызметтерді көрсету ұйымдарына жібереді, ол жерде олар кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытудан өтіп, ұйымдастырушылармен бірге бизнес-жоспар әзірлейді.

Бағдарламаның бағыты бойынша толығырақ «
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларынан» біле аласыз.

«Жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау» атты екінші бағыт бойынша мемлекеттік қолдаудың түрлері  

  • Жолақы және тұруға материалдық көмекті ұсынумен кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспарды әзірлеуге әрекеттесу.
  • Шағын несиелерді ұсыну.
  • 1 жылға дейінгі мерзімге жобаны алып жүру бойынша сервистік қызметтерді ұсыну (маркетингтік, заңды, бухгалтерлік және қызметтің басқа да түрлері).
  • Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамыту және/немесе құрылысы және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, соның ішінде отарлап мал өсіруді дамытуға арналған қосалқы технологиялық жабдықты сатып алу.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

Егер сіз өз жеке бизнесіңізді алғаш рет ашып отырсаңыз, мемлекет сізге көмек ретінде кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуды жүргізеді және сервистік кеңестік қызметті, атап айтқанда бухгалтерлік, заңдық, маркетингтік қызметтер бойынша кеңестік көмекті ұсынады.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуда сондай-ақ бизнес жоспарлауды әзірлеуге көмек кіреді.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтамасыз ететін ұйымда тұрғылықты мекенжайынан тыс болған жағдайда Бағдарлама қатысушыларына жолақыға және тұруға материалдық көмек төленеді.

Шағын несие беру

Шағын несие кепілдік негізде ұсынылады және өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту үшін ғана беріледі. Шағын несиенің аталмыш түрі тұтыну мақсаттарына– тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алуға өзге де қарыздарды өтеу, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға  қолданылмайды.

Шағын несиелер қандай мақсаттарды дамытуға беріледі? Қаржылық қолдау бағдарламасының аясында қолдау аймақты көркейте алатын жобаларға ғана көрсетіледі. Әдетте шағын несиелер мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, елді мекендерді экономикалық және әлеуметтік дамуды арттыруға жағдай жасайтын қызметтер саласын дамытуға беріледі. Әдетте шағын несиелер мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға елді мекендердің экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасайтын қызметтер саласына беріледі.

Шағын несиелерді алуға қажетті құжаттар

  • өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуді растайтын құжаттың көшірмелері (мекенжай анықтамасы, село әкімінің анықтамасы);
  • өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс;
  • жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе құрылысына және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін қосалқы технологиялық жабдықты сатып алуға, соның ішінде жоба үшін отарлап мал өсіруді дамытуға өтінім (қажеттілігі болған жағдайда).

Несиелеу шарттары

Бағдарламаға қатысушыларды шағын несиелеу мынадай талаптарды қамтиды:

  • шағын несиелеу мерзімі - 5 жылдан артық емес;
  • шағын несиенің неғұрлым көп сомасы - 3 000 000 теңгеден артық емес;

Несие бойынша неғұрлым көп жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін  әкімдік жанындағы аймақтық комиссия анықтайды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, құрылысы. Қосалқы жабдықты сатып алу

Өз бизнесіңізді қалпына келтіруде және/немесе дамытуда жетіспейтін инфрақұрылымдарды бұрыннан бар объектілерге келтіру қажеттілігі туындауы мүмкін: жолдар, кәріз жүйелері, жылу және сумен жабдықтау, газбен қамту, телефон және электр желілері.

Бизнеске шағын несиені алу үшін қажетті құжаттарды тапсыруда сіз сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін қосалқы технологиялық жабдықты сатып алуға, соның ішінде жоба үшін отарлап мал өсіруді дамытуға өтінімді қоса тіркей аласыз. Әкімдік өтінімде жазылған белгілі бір техникалық талаптар негізінде жобалау-сметалау құжаттамасы және бизнес-ұсыныстар бойынша жетіспейтін технологиялық жабдықты сатып алады және бағдарламаға қатысушының меншігіне береді.

Аталмыш санат бойынша инфрақұрылымның сатып алынатын объектілерінің құны берілетін шағын несие сомасынан тыс, 3 млн. теңгеден аспауы тиіс.

Сервистік қызметтер

Шағын несиені беруге оң қорытынды алған бағдарлама қатысушысы 1 жыл ішінде жобаны алып жүру бойынша сервистік қызметтерді көрсетуге ұйыммен шарт жасаса алады (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және т.б.). Бұл үшін сізге жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет болады, ол жерде сізді тиісті ұйымға жібереді.
Жобаны қоса алып жүру бойынша сервистік қызметтер кеңестер түрінде Интернет арқылы қашықтықтан, сондай-ақ ұйым кеңсесінде тікелей көрсетіледі.
Бағдарламаға қатысушының тұрғылықты жері бойынша сервистік қызметтерді көрсету кестесі халықты жұмыспен қамту орталығында келісіледі.
Жобаны қоса алып жүру бойынша сервистік қызметтер 2014 жылдан бастап Қазақстанның барлық аумағында көрсетілетін болады. Қазіргі кезде аталмыш қызметтер пилоттық режимде 2013 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында көрсетілуде.

Үшінші бағыт. Жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында оқу және жұмысқа орналасуға әрекеттесу, қоныс аудару

Аталмыш бағыт бойынша:

  • көшу субсидиялары;
  • кәсіби дайындық курстарында оқу, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерге жұмысқа орналасудағы көмек;
  • психологиялық бейімделу;
  • жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызметтік тұрғын үй ұсынылады.

Жұмысқа орналастыруға оқыту және әрекеттесу

Жұмысқа орналасуға тілек білдірген бағдарламаға қатысуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді (өтінімді онлайн беру).
Алдын ала сіз жұмыссыз адам ретінде тіркелуіңіз тиіс (онлайн тіркелу), сіз жұмыспен қамту орталығында тіркеле аласыз.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға  

  • Мәліметтер базасында бар бос жұмыс орындарына.
  • Жұмыс берушілердің өздері жұмыспен қамту орталығына ұсынған жұмыс орындарына.
  • Жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы.
  • Еңбекақы төлеуді ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына.
  • Жастар тәжірибесінен өтуге арналған жұмыс орындарына әрекеттеседі.

Жұмыспен қамту орталығы бағдарламаға қатысушыларды аймақтың жұмыс берушілері тарапынан бұрын алынған сұраныстардан шыға отырып бос орындарға бағдарлама қатысушыларын бөледі. Жұмыс беруші сұхбаттасу өткеннен кейін таңдалған үміткерді жұмысқа бірден қабылдай алады немесе аталмыш бағдарлама аясында жұмыс беруші таңдалған позицияға сәйкес болуы үшін өзінің болашақ жұмыскерін біліктілікті арттыру курстарына жіберуге құқылы.

Әлеуметтік жұмыс орындары

Жұмыс орындарын бөлуде аталған жұмыс орны барлық қажетті аударымдарды ескерумен, 12 айдан артық емес мерзімге мемлекет тарапынан ішінара субсидиялауды көздейтінін есте сақтаңыз:

  • бірінші 6 айда еңбекақының 50 % дейін, бірақ  26 мың теңгеден артық емес;
  • келесі 3 айда еңбекақының 30 % дейін, бірақ 15,6 мың теңгеден артық емес;
  • келесі 3 айда еңбекақының 15 % дейін, бірақ 7,8 мың теңгеден артық емес.

Жылдық мемлекеттік субсидиялаудан кейін жұмыс беруші еңбек қатынастарын ұзартады немесе бұзады. Еңбек қатынастарын ұзартуда заңнамаға сәйкес еңбек шарты жасалады және жұмыс беруші жұмыскерге толық еңбекақыны төлейді.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасының аясында әлеуметтік жұмыс орнын ЖОО түлектері бітіргеннен кейінгі бірінші жылы ала алады. Осы бағыттың аясында түлектер 6 айлық кезеңге жұмысқа қамтылған, онда қатысушыларға төлемдерді жарты жыл ішінде мемлекет жүргізеді, ол 17,2 АЕК құрайды. Осыдан кейін жұмыс берушінің қалауы бойынша еңбек қатынастары ұзартылады немесе бұзылады.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы туралы толығырақ «ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру» мақаладан біле аласыз.

Әлеуметтік жұмыс орнын алу үшін өзімен бірге мынадай құжаттар болуы тиіс:

  • қатысуға өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • отбасы туралы мәліметтер;
  •  тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай анықтамасы, селолық және ауылдық әкімдердің анықтамасы);
  • еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;
  • білім туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқудан өтуді растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс орнын ұсынып, келіскеннен кейін және жұмыс беруші мен ізденуші келіскеннен кейін әлеуметтік келісімшарт жасалады.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша кәсіби даярлау немесе қайта даярлау үшін тегін оқыту 

Бағдарламаға қатысу кезінде сіз өз біліктілігіңіздің жұмыс берушінің сұраған талаптарына сай келмейтіндігіне байланысты уайымдамауыңызға болады бағдарламаның аталмыш бағыты:

  • біліктілікті арттыру, кәсіби дайындық және қайта даярлаудың тегін курстарын;
  • кәсіби оқытуға материалдық көмекті ұсынуды көздейді.

Бағдарлама қатысушыларын кәсіби оқыту ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына байланысты белгіленеді және:

  • кәсіби дайындықты өткізуде – 12 айдан;
  • қайта даярлауда – 6 айдан;
  • біліктілікті арттыруда – 3 айдан аспауы тиіс.

Бағдарламаның бағыты бойынша толығырақ сіз Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларынан біле аласыз.

Көшуге субсидиялар

Бағдарлама қатысушыларын мемлекеттік қолдау

  • Жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға әрекеттесу.
  • Қызметтік тұрғын үйді ұсыну.
  • Еңбекші жастар үшін жатақханалардан бөлмелер ұсыну.
  • Көшуге субсидияларды ұсыну.
  • Қажеттілігі болғанда біліктілікті арттыру және қайта даярлау, кәсіби даярлау курстарында оқыту.

Бағдарламаның аталмыш бағытына қатысу үшін бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт болуы қажет, яғни аталмыш бағытта қатысуға үміткер «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуі тиіс. Осыдан кейін тұрғын үй алуға үміткерге  халыққа қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгіну қажет, онда отбасы құрамы, көшуге субсидияларды беру бойынша уәкілетті ұйымда ашылған жеке шот нөмірін көрсету қажет.

Бағдарлама аясында көшудегі төлемдер

  • Бір аудан ішінде көшетіндер – отбасы отағасына 10 АЕК мөлшерінде, отбасының әр мүшесіне 5 АЕК;
  • Бір облыс шегінде бір ауданнан екіншісіне (облыстық маңызы бар қала) көшетіндерге – отбасы отағасына 25 АЕК мөлшерінде, әр отбасы мүшесіне 15 АЕК мөлшерінде;
  • Бір облыстан екіншісіне көшетіндерге – отбасы отағасына 50 АЕК мөлшерінде, әр отбасы мүшесіне 35 АЕК мөлшерінде.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі

  • Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы (кету орны).
  • Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Әлеуметтік келісімшарт.
  • Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің келген жерде тұрғын үйінің жоқтығы туралы жергілікті атқарушы органның анықтамасы.

Субсидияланған ақшаларды аудару жаңа тұрғылықты жерге бағдарлама қатысушысы келгеннен кейін (оң шешім қабылданғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде) және жалға алу шартын жасау немесе егер қатысушы тұрғын үйді өзі сатып алса, келу орны бойынша тіркеу туралы құжаттың көшірмелері негізінде жасалады.

Бағдарлама бағыты бойынша тұрғын үйді жалға алу. Қызметтік тұрғын үй  

Әлеуметтік келісімшарты бар бағдарламаға қатысушыларға мемлекет тұрғын үйді жалға алу үшін шығындарды төлейді немесе 5 жыл тұрғаннан кейін соңыра жекешелендіру мүмкіндігімен тұрғын үйді береді. Бағдарламаның аталмыш бағыты бойынша төленетін тұрғын үйге қосалқы жалгерлікке рұқсат етілмейді.  Коммуналдық шығындары үшін төлемді отбасы (жастар) өзі жүзеге асырады.

Жалдауға арналған тұрғын үй талаптары – отбасының бір мүшесіне 18 ш.м. немесе бүкіл отбасына 100 ш.м. аса алмайды.

Жастар үшін (соның ішінде некеде тұратындар) жатақханадан бөлме ұсынылады.

Бөлмені алу үшін жасы 29-дан аспауы керек, қолданыстағы еңбек шарты немесе әлеуметтік келісімшарт болуы шарт. Бөлме 5 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады.
Бағдарламаның бағыты бойынша толығырақ Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларынан біле аласыз.

Cоңғы өзгеріс: 12.09.2015

Начало формы

Конец формы


Жоғары

 

Сейдалиев Аскар Абиевич

Начальник управления