kzruen

Сенім телефондары:

8 (7292) 57 12 16

8 778 959 84 60

Сейдалиев Асқар Әбиұлы

Басқарма басшысы

қауырт желі

110

Горячая линия

Маңғыстау облысының терроризмге қарсы күрес комиссиясы Антитеррористическая комиссия Мангистауской области

 

Мобильные приложения:
kzruen
Мобилді нұсқа

20 мамыр 2019, Дүйсенбі

Электрондық ресурстар

Облыс бойынша электрондық оқыту жұмысы

Маңғыстау облысында электрондық оқыту жұмысы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған.

Бүгінде облыстағы 143 мектептің барлығы интернет желісіне қосылған. Осы арқылы оқу процесін автоматтандыру мақсатында өңірде бірқатар шаралар атқарылуда. 

Негізінен, «mektep.edu.kz» электрондық жүйесі 2011 жылы облыс бойынша пилоттық жоба ретінде басталды және ата-аналар мен педагогтар тарапынан оқушылардың үлгерімін электронды қадағалауға бағытталды.

Аталған жүйе орталықтандырылған сервер арқылы облыстың барлық мектептеріне енгізілген. 

Біздің өңірде «mektep.edu.kz» электрондық жүйесі қызметін жалғастыруда және білім беру ұйымдарына, мұғалімдер мен ата-аналарға тегін қызмет ұсынуда.

«mektep.edu.kz» электронды журналы статистикалық мәліметтерді электронды түрде жүргізуге, мектеп пен ата-аналардың арасында электронды байланыс орнатуға, тест тапсырмаларын жүктеп алуға, «Оқушылар қауымдастығы» айдары арқылы қарым-қатынас аясын кеңейтуге, оқу процесін мониторингілеуге және т.б. мүмкіндік береді. .

Осылайша, «mektep.edu.kz» электронды журналының облыстың 143 мектебіне толықтай енгізілуі білім басқармасына білім беру қызметіне сапалы талдау және мониторинг жүргізуге, сонымен қатар, педагогтар мен ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Осы мақсатта мектептердің материалдық-техникалық базаларын жетілдіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп, мүғалімдерге электрондық жүйеде жұмыс жасау бойынша әдістемелік көмектер көрсетілуде.

Елбасының биылғы Жолдауындағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына, ондағы автоматтандыру, роботтандыру,  жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу сияқты мәселелерді басты назарда ұстап, осы жылы электрондық оқытуды және ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасын табатын болады.  

Сейдалиев Аскар Абиевич

Начальник управления