kzruen

Сенім телефондары:

8 (7292) 57 12 16

8 778 959 84 60

Сейдалиев Асқар Әбиұлы

Басқарма басшысы

қауырт желі

110

Горячая линия

Маңғыстау облысының терроризмге қарсы күрес комиссиясы Антитеррористическая комиссия Мангистауской области

 

Мобильные приложения:
kzruen
Мобилді нұсқа

20 мамыр 2019, Дүйсенбі

Үш тілде білім беруді дамыту

Маңғыстау облысы бойынша Үш тілде оқытуды енгізу бойынша жасалып жатырған жұмыстар

2015 жылы «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған облыстық жол картасы» бекітілді. Жол картасы аясында 2015-2016 оқу жылында 11 мектеп, 2016-2017 оқу жылында 21 мектеп, 2017-2018 оқу жылында 50 мектеп,2018-2019 оқу жылында 104 мектеп жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық (3 мектеп жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту, 101 мектеп...

«Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында ағылшын тілінен курс өткізілу жоспарлануда

2017 жылдың 14 тамыз - 2 желтоқсан аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында ағылшын тілінен курс өткізілу жоспарлануда. Аталған курсқа 36 мұғалім қатысады. ...

Үш тілде оқуды енгізудің шеңберінде біліктілігін арттыру курсы өткізілуде

2017 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығында Жаңаөзен қаласында Үш тілде оқуды енгізудің шеңберінде «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы өткізілуде. Курсты «Astana School of Business and Technology» ЖШС «Билингвалды пән мұғалімі» авторлық білім беру бағдарламасы бойынша оқытылуда. Курстың мақсаты – аталған пән мұғалімдерін ағылшын тіліне...

Үш тілді білім беруді енгізу мақсатында курс жүргізілуде

Үш тілді білім беруді енгізу мақсатында НЗМ – нің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 24 сәуір –07 шілде айлары аралығында Жаңаөзен қаласында «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пән мұғалімдеріне арналған ағылшын тілі курсы оқытылуда. Аталған курсқа 34 мұғалім қатысуда. ...

Үш тілде білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жол картасы

                                                                                  Білім басқармасының №________  бұйрығы     «____» ____ 2015 ж.  (қосымша – 1) Үш тілде білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жол картасы № п/п Іс-шараның атауы Жауапты орындаушылар Аяқталу нысаны Орындалу мерзімі...

«Билингвалды Пән мұғалімі» бағдарламасы бойынша ағылшын тілінен біліктілік курсы өткізілуде

2017жылдың 11 сәуір-25 желтоқсан аралығында  Маңғыстау облысының білім басқармасы «пән мұғалімдеріне арналған «Билингвалды Пән мұғалімі» бағдарламасы бойынша ағылшын тілінен біліктілік курсы өткізілуде. Аталған курсты  USTAZ Professional Learning Centre орталығы Маңғыстау облысының 110 мұғалімін ағылшын тілі курсын оқытуда. Курстардың мақсаты – аталған пән мұғалімдерін ағылшын тіліне және өз...

«Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пән мұғалімдерінің ағылшын тілі курсы өткізілуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті және НЗМ ұйымдастыруымен 2017 жылдың 14 сәуірінен бастап «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пән мұғалімдерінің  (20 мұғалім) ағылшын тілі курсы өткізілуде. ...

Үш тілділікті ілгерілету бойынша атқарылған жұмыстар

Маңғыстау облысы білім басқармасының 02.09.2016ж. №143-нқ «Білім беру ұйымдарында үш тілде білім беруді енгізу туралы» бұйрығымен облыста 21 мектеп үш тілде білім беретін пилоттық мектептер қатарына енді. 2016 жыл бойына биология,  химия, информатика, физика және ағылшын тілі пәндерінің 260 мұғалімі ағылшын тілін үйрену курстарынан өтіп, біліктілігін арттырды: -86 мұғалім «Өрлеу» Біліктілік...

«Үш тілде білім беру арқылы құзіретті тұлға қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті

Аталған шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім үйлестіру орталығының директорлары, әдіскерлері және пән мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйым директорлары, колледж директорлары, мұғалімдері, студенттер және БАҚ өкілдері (барлығы 170 педагог) қатысты. Семинар Ақтау қаласы экономикалық лицей базасында өткізілді.Семинардың бірінші бөлімінде мектепке дейінгі ұйымдар секциясы...

Үш тілде білім беруді дамыту мақсатында курс өтті

16-27 мамыр аралығында "CLIL" пәні жəне тілдерді кіріктіру əдістемесін меңгеру бойынша мұғалімнің кəсіби құзыреттілігін дамыту" тақырыбында "Өрлеу" орталығында облыс ұстаздары (44) үш тілде білім беруді дамыту мақсатындағы курстан өтті.  ...

Үш тілде білім беру-оқушының тұлғалық жетілуі тақырыбында облыстық семинар өтті

Үш тілде білім беру – оқушының тұлғалық жетілуі Маңғыстау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 29 сәуір күні Ақтау қаласының №13 мектеп-гимназиясында «Үш тілде білім беру - оқушының тұлғалық жетілуі» тақырыбында облыстық семинат өтті. «Мектеп-балабақша-колледж» деңгейінде өткен шараға облыстың білім беру ұйымдарынан 120-дан аса педагог қатысты. Семинарда №13...

«Білім беру ұйымдарында үш тілде білім беру арқылы оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

       Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаттың базасында «Білім беру ұйымдарында үш тілде білім беру арқылы  оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында өткен  дөңгелек үстелге аудан, қалалардың білім үйлестіру орталығының директорлары, үш тілді оқытуды жүзеге асырып жатқан білім беру ұйымдарының басшылары мен үш тілде сабақ беретін жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің мұғалімдері қатысты. ...

Үш тілде білім берудің өзекті мәселелері семинар

        2015 жылдың 22 желтоқсан күні Ақтау қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп интернатында "Үш тілде білім берудің өзекті мәселелері" тақырыбында облыстық семинар өтеді ...

«Үш тілде білім беруді енгізу-бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басым факторы»

        Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен, Елбасының «Үш тұғырлы ел» саясатын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №11 «Үш тілді білім беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Өкімін орындау мақсатында 2015 жылдың 23 қараша күні облыстық дарынды балаларға арналған мектеп - лицей-интернатының ғимаратында «Үш тілде білім беруді енгізу-бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басым факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. ...

Сейдалиев Аскар Абиевич

Начальник управления