kzruen

Сенім телефондары:

8 (7292) 57 12 16

8 778 959 84 60

Call-орталығы:

8 (7292) 60 58 23

Сейдалиев Асқар Әбиұлы

Басқарма басшысы

қауырт желі

110

Горячая линия

Маңғыстау облысының терроризмге қарсы күрес комиссиясы Антитеррористическая комиссия Мангистауской области

 

Мобильные приложения:
kzruen
Мобилді нұсқа

18 қазан 2019, Жұма

Білім мазмұнын бақылау

21 желтоқсан 2016

Маңғыстау облысының 2015-2016 оқу жылындағы білім жүйесіне талдамалы ақпарат

І. Кіріспе

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды  дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктейді. 12 жылдық білім беру көшу – мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі. Білім мазмұнын жаңартуға бағытталған «Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім берудің жаңа стандарты» -  білім саласына елеулі өзгерістер әкелетін және білім берудің сапалық деңгейін көтеретін негізгі құжат. Егемен еліміздің  өскелең ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді интелектуалдық деңгейі биік бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу – басты міндет болып табылады. Осы мақсатта сапалы білім мен тәрбие беруде Маңғыстау облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

ІІ. Аналитикалық баяндаманың негізгі мазмұны (бөлімдер).

Облыстың білім беру жүйесін дамытудың жетекші бағыттары.

1. Облыстың білім беру жүйесі қызметінің жайы.  

Маңғыстау облылысында қызмет етеді:

-  245 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары,

- 145 жалпы орта білім беру ұйымдары,

- 26 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары,

- 6 – арнайы ұйымдар,

- 2 – психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері,

- 2 – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар,

- 3 – арнайы мектеп-интернаттар,

- 1 – оңалту орталығы,

- 1 – санаторлық мектеп-интернет,

- 5 – оқу-әдістемелік орталықтар,

- 3 – интернаттық мекеме.

245 мектепке дейінгі ұйымдардың (одан әрі МДҰ) типтік ғимаратта орналасқаны - 126, бейімделгенде - 119, автономиялық жылумен қамтамасыз етілген - 120 МДҰ.

133  жалпы білім беретін күндізгі мектептен типтік ғимаратта орналасқаны – 117, бейімделгенде – 16, 41 мектеп орналасқан қалада, 92 – ауылда, 111 – қазақ тілі оқытумен, 18 – аралас, 4 – орыс тілі оқытумен.

Орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылғаны 47 мектеп, автономдық режимде 85 мектеп жұмыс жасайды. Облыс бойынша 70 жайлы жабдықталған,  58 мектеп жартылай жабдықталған.

Облыс бойынша 26 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, оның ішінен 21 - типтік ғимаратта, бейімделгенде – 5 орналасқан.

Облыс бойынша 12 ауылдық шағын жинақты мектептер қызмет етеді. (Бейнеу ауылында-8, Қарақияның – 2, Маңғыстаудың – 2). Оның ішінде  4 бастауыш, 2 негізгі, 6 орта мектеп. 2015 жылдың қыркүйек айында Қарақия ауданында 624 орындық апатты жағдайдағы 2 мектептің (Құланды орта мектебі, №5 орта мектеп) құрылысы аяқталып, іске қосылды.  2016 жылы облыста бір ауысымда 11 мектеп ондағы оқушы саны -3135,  екі ауысымда 121 мектеп, ондағы оқушы саны -108839; (Бұл көрсеткіштер сәйкесінше, 2014 жылы  бір ауысымда 12 мектеп, екі ауысымда 110 мектеп, үш ауысымда 4 мектеп, барлығы 126 болды, 2015 жылы бір ауысымда 14 мектеп, екі ауысымда 115 мектеп, үш ауысымда 2 мектеп, барлығы 131).2015-2016 оқу жылында үш ауысымды оқытумен бір мектеп жұмыс жасады (орта мектеп Е. Өмірбаев атындағы Форт-Шевченко қ.), үш ауысымда 69 оқушы оқыды. 2015 жылдың қараша айында Мұнайлы ауданы Атамекен аулында РБ есебінен  1200 орындық орта мектеп пайдалауға берілді. Сонымен қатар 2016 жылдың маусым айында жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен Тупқараған ауданның Форт-Шевченко қаласында 550 орындық орта мектептің құрылысы аяқталды. Осылайша облыс бойынша үш ауысымды оқыту жойылды.

Облыс бойынша 133 білім беру ұйымында 4 (2014 және 2015 жылдарда-3) арнайы мектептер (облыстық қазақ-түрік лицейлер Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Ақтау қ. экономикалық лицей);  8 гимназия және 8 лицей, 1 санаторлық мектеп-интернат қызмет етеді.

Одан басқа облыста 11 арнайы түзету ұйымдары, 4 орталық және 1 оқу-әдістемеліктік бағытта кабинет жасап келеді (Облыстық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы; мектепке дейінгі білім берудің оқу-әдістемелік орталығы; «Дарын» қосымша білім беру орталығы; дене шынықтыру және спортық орталығы; техникалық және кәсіптік оқытудың  кабинеті) Сондай-ақ, 2015-2016 оқу жылынан Ақтау қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» химия-биологиялық бағытта қызметін бастады. Маңғыстау облыс бойынша  тасымалмен 7164 (ішкі  тасымал 6651 бала және сыртқы тасымал 513 бала)  қамтылған. ( 2013-2014 оқу жылында - 6274,  2014-2015 -9321).

Облыстың мектептерінің  124 мектепте асхана бар:  110 мектеп типтік және 14 мектепте бейімделген. Сонымен қатар 24 колледжде асхана қызмет жасайды.

2. Білім беру сатылары бойынша аймақтың білім беру жүйесіне сипаттама (білім беру ұйымдарының желісі, білім алушылар контингенті)

2014

2015

2016

саны

контингент

саны

контингент

саны

контингент

1

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие ұйымдары

202

28275

213

29603

245

32556

2

Жалпы білім беретін мектеп

135

101156

141

108289

145

114086

3

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары

24

25868

24

25007

26

23314

Барлығы

361

155299

378

162899

416

169956

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие

Облыста 245 мектепке дейінгі білім мекемесінде 32556 баланы қамтылған, Оның ішінде 169  мемлекеттік (141-балабақша, 28-шағын орталық), 76 жекеменшік балабақшаларда (52-балабақша, 24-шағын орталық).

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 48,5%, (2013ж.- 39%;  2014 ж.- 39,7%; 2015ж. - 42%); 3-6 жас аралығында – 79,6%-ды құрап отыр (2015 ж. салыстырғанда +7,1%-ға өсті). Мектеп алды  даярлықпен қамту 93% құрайды.

2016 жылдың бірінші жарты жылдықта  855 орындық, 15 балабақша жергілікті және республикалық бюджеттен пайдалануға берілді (2013 ж. -1825 орындық, 14 балабақша; 2014 ж.- 2419 орындық, 20 балабақша. 2015 ж.-5257 орындық, 35 балабақша, оның ішінде 805 орындық 14 жекеменшік балабақша ашылды  (2013 ж.-4; 2014 ж. -10, 2015 ж.-14).

Жалпы орта білім

Маңғыстау облысында жалпы білім беретін  145 мектеп бар ( 2014-2015 о.ж. – 142), оның ішінде оқушы саны – 114425 (2014-2015 о.ж.-109289), соның ішінде:

- күндізгі жалпы білім беретін метептер-133, оқушы саны 112 797 (2014-2015 о.ж. -106542);

- кешкі мектептер-7, оқушы саны 1 282 (2014-2015 о.ж. - 1374);

-жекеменшік-4, оқушы саны 346 (2014-2015 - 373). Барлық жекеменшік мектептер Ақтау қаласында.

 133 мемлекеттік күндізгі мектептің – 10-ы бастауыш (2684 оқушы), 3 негізгі  (236 оқушы) және 120 орта мектеп (109877 оқушы).

112 мектептерде қазақ тілінде (89232 оқушы), 4 мектепте орыс тілінде (4326 оқушы), 18 (19240 саны) оқытуы жүргізілуде.

Техникалық және кәсіптік білім

Облыс бойынша 26 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызмет атқарады, оның ішінде мемлекеттік – 15, мемлекеттік емес – 11. Оның ішінде ауылдық жерлерде орналасқан 19,2% (5 бірлік). 2015 оқу жылда 2 бірлікке көбейді: мемлекеттік «Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі» және мемлекеттік емес Ақтау қаласында көпсалалы «Келешек» колледжі.

Ақтау қаласында орналасқан–16 колледж, Жаңаөзен қ.–5, Аудан орталықтарда –5  (Бейнеу ауданда – 2, Қарақия ауданда – 1, Маңғыстау ауданда – 1, Түпқараған ауданда – 1).

2014 және 2015 жылдар аралығында 3 колледж институционалдық аккредиттеуден өтті. Олар: Каспий өңірі «Болашақ» колледжі (16.04.2014ж), Маңғыстау политехникалық  колледжі (27.12.2014ж), О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі (30.12.2016 г).

Кадр даярлау 85 мамандық және 135 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Оқушылардың контингенті – 23314, оның ішінде мемлекеттік колледждерде – 13850 студент (59,4%), мелекеттік емес колледждерде – 9464 студент (40,6%). (2013ж. – 25868 студент., 2014ж.- 25007 студент).

Саланың атау

Контингенті

%

1

Техникалық мамандықтар (мұнай газ ісі, энергетика, көлікжүргізу)

9894

42%

2

Технологиялық мамандықтар (машина жасау технологиясы, слесарлық және токарлық іс)

905

4%

3

Құрылыс және коммуналдық шаруашылық

863

4%

4

Білім беру саласы

4594

20%

5

Гуманитарлық мамандар (құқықтану, әлеуметтік сала, іс қағаздарын жүргізу)

566

2%

6

Медициналық мамандықтар

3005

13%

7

Өнер саласы мамандықтары

236

1%

8

Қызмет көрсету және экономика

3251

14%

Барлығы:

23314

100%

Жоспарланған қабылдау 2016-2017 оқу жылына– 3610, оның ішінде  9 сынып базасында – 2835, 11 сынып базасында – 775  (2013ж.-7888 ад., 2014ж.-7283 ад.; 2015ж. – 6954 ад.)

3960 адамнан жергілікті бюджеттін есебінен 3953 ад. (2013ж. – 3570 ад.; 2014ж.-3851 ад.) қабылданды.

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі 5 оқушыны жеткізі алмады  1401000  «Үйлер мен ғимараттарды салу және тұрғызу» мамандығы бойынша, 140121 11 сынып базысында 3 техник-құрылысшы және  Маңғыстау политехникалық колледжі жеткізе алмады  1 адамды, 0516000 қаржы (салалар бойынша): 051605 3 қаржы саласы экономисті бойынша және 1 адам.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламма бойынша 100 адамнан  90-і оқытуды жалғастыруда.

  2015 жылы техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының түлектері 5302 адамды құрады. Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша  – 3403 адам. (2013ж. - 4913 адам; 2014ж.- 4946 адам.).

ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасуы 79,2%, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 78,3%. (2014ж.-80%,  2013ж. – 78,2%).

  2016-2017 оқу жылына мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде жұмысшы мамандықтарына 1445 адамға сұраныс қарастырылды.  (2015ж.- 270ад., 2014ж.- 220 ад., 2013ж.- 290 ад), оның ішінде  9 сынып базасы негізінде-1100 ад., 11 сынып базасы негізінде- 345 адам.

3.Білім беру үрдісін ұйымдастыру жайы

3.1 Білім беру жүйесін деңгейі бойынша  ресурстық қамтамасыз ету (қаржыландыру, материалдық-техникалық база, кадрлар)

2016 жылғы облыстың білім жүйесінің бюджеті 47 555,388 млрд. теңгені құрайды (2013 ж. – 37701,399 млрд,  2014 ж. – 42288,742 млрд,  2015ж. – 51180,356 млрд). Оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға соңғы үш жылда 980,0 млрд.теңге қаралды (2013ж-498,9; 2014 ж-328,1; 2015ж – 153).

«Балапан» бағдарламасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға бюджеттік қаражат бөлінді. (2013ж. – 2210 млн.теңге,  2014ж. – 2978 млн.теңге,  2015ж. – 3374 млн.теңге) 2015  62 МДҰ 99,3 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу және 2 МДҰ  555, 7 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.

Материалды-техникалық база 

Күрделі жөндеуден ағымдағы жылы  58,124 мың теңгеге мектепке дейінгі ұйым;  12,700 мың теңгеге 2 мектеп өткізілуде (в 201ж.-  6 МДҰ  205,313 мың теңге;  4 мектеп 351,780 мың теңге, 2014 ж-  4 МДҰ  247,457 мың теңге; 12 мектеп 1 931,559 мың теңге; 2015 ж-  2 МДҰ 555,730 мың теңге;  5 мектеп  986,678 мың теңге).

Білім ұйымдарын ағымдағы жөндеуге  356,295 мың теңге қаражат бөлінді.

Білім беру ұйымдары бюджет қаражаты есебінен оқулықтармен 100% қамтамасыз етіліп отыр.

2016-2017  оқу  жылына жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына оқулықтар  мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып  алуға жергілікті бюджеттен 796,1 млн.теңге  қаржы бөлінді ( 2013ж. -365,5 млн. тенге, 2014ж.- 396,0 млн. тенге, 2015ж-583,6 млн. тенге). Бөлінген қаржыға, бірінші кезекте қайта басылып шығатын 8 сынып оқулықтарына, 4 сыныптың ағылшын тілі,  9 сыныптың «Зайырлық және дінтану негіздері» пәні оқулықтарына 100% көлемінде, сондай-ақ, облыс мектептеріндегі оқушы санының тұрақты артып отыруына байланысты, қорландыру циклы бойынша қалған сыныптарға жетіспейтін оқулықтарға 20% көлемінде тапсырыс жасалды.

«Мектеп», «Атамұра», «Алматыкітап баспасы»,  «Жазушы», «Арман-ПВ»,«Cambridge University Press», «Macmillan», "Pearson",«Білім», "Бөбек" орталығы және арнайы түзету мекемелері үшін «САТР орталығы» баспалары мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің арасында келісімшарттар жасақталды.

Қазіргі таңда 16 баспамен 102 келісімшарт жасақталды.

2015 жылдың 15 тамызына дейін оқулықтар мен оқу-әдебиет кешендері  барлық білім беру ұйымдарына толық жеткізілетін болады.

Облыстың барлық білім ұйымдарында кітапхана жұмыс жасайды. Мектеп кітапханасының әлеуметтік маңыздылығын көтеру, кітапхана қызметкерлерінің құзіреттілігін  арттыру мақсатында  «Үздік кітапханашы» облыстық  кәсіби шеберлік сайысы ұйымдастырылып отырады.

   2005-2011 жылдары облыс бойынша  мультимедиалық-лингафондық  кабинеттер алынды. Облыстағы 111 мектепте 153 мультимедиалық-лингафондық  кабинеттер бар. Мультимедиалық-лингафондық  кабинеттермен жабдықталған мектептер үлесі 84% құрайды. (2014 ж-87%, 2015 ж-87%).

Қазіргі таңда 69 мектептің физика кабинеті, 81 мектептің химия кабинеті, 91 мектептің биология кабинеті жабдықталған.

Жалпы білім беретін мектептер 99 % компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Бір компьютерге шаққанда 14 оқушыдан келеді (2014ж -16, 2015 - 16).

24 колледж (92,3%), 133 мектеп (100%)  Интернетке қосылған  ( 2014ж-98%, 2015ж-98,5%).

2012ж. – 18; 2013ж. - 27, барлығы 45 білім беру ұйымына  (29%) «Е-learninq» электронды оқыту жүйесі енгізілді. «E-learning» жүйесі туралы 2011 жылы -300, 2012 жылы -213, 2013 жылы- 381 педагог мамандар арнайы курстан өтті.

Онлайн желісінде 2013-2014 оқу жылында – 27,  2014-2015 оқу жылында 22, 2015-2016 оқу жылында 27 мұғалімнің сабағы ұйымдастырылды.

15 мектепке  15 «Робототехника» жинағын алуға  32500,0 мың теңге қаражат бөлінді.  

Облыстың білім беру ұйымдарының арасында ақпараттандыру бағытындағы атқарылып жатырған іргелі істің бірі - білім ұйымдарының веб-сайттарының жұмысы. Облыс бойынша мектептердің 89% (118 мектеп) ресми веб- сайттары ашылған.

Кадрлар

Білім беру саласында  14 911 педагог  қызмет жасайды. Оның 10157 (68,1%) жоғары білімді, жоғары және бірінші санатты педагогтар – 5532 (37,1%).  

   2015-16 оқу жылында  737 санатсыз жас маман жұмысқа қабылданды.

Атауы

2014ж

2015ж

2016ж

1

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие ұйымдары

3021

3247

3654

2

Жалпы білім беретін мектеп

8721

9025

9833

3

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары

1443

1428

1424

Барлығы

13185

13700

14911

Білім беру саласында басқарушылық құзыреттілікті дамыту мақсатында 26 білім басқармасының, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары, директор орынбасарлары облыс әкімдігінің қолдауымен «Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша Алматы менеджмент университетінің магистратурасында білім алуда.

Облыстық білім басқармасы мамандары және басқармаға бағынысты білім беру ұйымдары басшылары (40 адам) «Metropolitan Business School» оқу орнының «Команда құру және жеке тиімділік» тақырыбында тренингке қатысып, білімдерін жетілдірді.

3.2 Білім беру ұйымдарында білім алушыларға қауіпсіз жағдай жасау

   361 білім беру ұйымында бейнебақылаулар қондырылған – 83,7%.  (70 білім беру ұйымында қондырылмаған – 16,3%):

Атауы

Барлығы

Бейнебақылау камерасы қондырылған

%

Қондырылмаған

%

1.

Мектепке дейінгі ұйымдар

245

184

75,1

61

(38 частных, 23 государственных)

24,9

2.

Жалпы білім беретін мектептер

145

145

100

0

3.

Колледждер

26

26

100

0

 6 білім беру ұйымында  турникет орнатылған.

Білім беру ұйымдарында 115 мектеп инспекторлары жұмыс жасайды.   Оқушылар  84 автобуспен тасымалданады. 2015 жылы балаларға  15 аялдама орнатылған, оның ішінде 11 аялдама  Мұнайлы ауданында, 4 аялдама  Ақтау қаласында.

Білім алушылардың қауіпсіз тасымалдау  мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізіледі: оқу орны әкімшілігі бұйрығының негізінде мектептерде тасымалдау кезінде оқушыларды алып жүретін жауапты тұлғалар бекітілген. Жаңа оқу жылының басында ата-аналар жиналысы және көліктерде жүру ережесі туралы оқушылармен жиналыстар өткізіледі.

Жеке кәсіпкерлер (ЖК) оқушыларды тасымалдауға жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен өткізілетін конкурса қатысады. (ЖК «Номад», Шамурадов, Уштура), Маңғыстау және Қаракия аудандарында тасымал мектептің автобусы арқылы жүзеге асырылады. Балаларды тасымалдайтын барлық автобустарда «Балалар» деген айыру белгілері қойылған.

3.3 Медициналық қызмет көрсету және тамақтандыруды ұйымдастыру

Барлық білім беру ұйымдарында дәрігерлік бақылау кабинеттері бар.  361 дәрігерлік бақылау кабинеті медициналық жабдықтармен және медикаменттермен жабдықталған. Медициналық кабинеттері жоқ мектептер мен бала бақшалар  (бұл ауылдық жерде орналасқан бастауыш және шағын жинақты мектептер)  ФАП-де (фельдшерлік-амбулаторлық пункт) қызмет етіледі. Сонымен қатар  18 жабдықталған стамотологиялық кабинеттер бар: Ақтау медико-кәсіби техникалық колледж-1,  Ақтау қаласының мектептерінде-7, Жаңаөзенде-3, Мұнайлы ауданында-4, Түпқарағанда- 1, областық санаторлық мектепте-1, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп интернаты-1.

Бұл кабинеттерде келісім шарт негізінде емхана мамандары жұмыс жасайды.

Облыс 100451 оқушыға ыстық тамақ берілсе, 25129 оқушы тегін ыстық тамақпен, оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан 10523 оқушы  қамтамасыз етілген (2013/2014 оқу жылы -  114 мектеп 62113  (65,1%), 20716 оқушы тегін тамақпен, оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан 10169 оқушы  қамтылған,  2014/2015 оқу жылында – 123 мектеп 77233 (77%), 22349 оқушы тегін тамақпен, оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан 10169 оқушы  қамтылған, 2015-2016 оқу жылында 123 мектеп 92503  (87,4%), 24507 оқушы тегін тамақпен, оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан 10874 оқушы  қамтылған.

Мектеп асханаларының қызметін жақсарту, мамандарды ынталандыру мақсатында «Үздік мектеп асханасы» байқауы жыл сайын ұйымдастырылып отыр.

4. Білім желісін дамытудың басымдық мақсаттары мен міндеттері және есепті жылы  білім берудің үш деңгейі бойынша оларды шешу жолдары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағытындағы жұмыстарды  үйлестірудің тиімді  жүйесін құру.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту практикасына ғылым жаңалықтарын енгізу;

Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану;

Білім беру ұйымдарының қызметін бағалау критерийлеріне сәйкес мониторинг жүргізу;

Білім беру ұйымдарында  инклюзивтік білім беру жүйесін жүзеге асыруда материалдық-техникалық базаны талапқа сай жаңарту;

  Білім берудің инфрақұрылымын, бірінші кезекте ақпараттандыруды дамыту;

12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу;

Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында «Робототехника» элективті курсын енгізу бағытында жұмыстар жүргізу;

Үш тілде білім беруді енгізу және дамыту бағытында облыс бойынша жоғары сыныптарда жаратылыстану пәндерінің терминдерін ағылшын тілінде үйрету;

Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу;

Дуальды оқыту жүйесін жалғастыру және экспериментке қатысатын педагогтардың еңбекақысына қосымша қажетті қаражат бөлу  жұмыстарын қарастыру;

Кәсіби стандартқа көшіру жұмысын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді қатыстыра отырып, кәсіби мамандар дайындау сапасын арттыру, түлектерді жұмысқа орналастыру;

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарын оңтайландыруда кәсіби бағдарлану жұмыстарын жүргізу;

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында ресурстық орталықтар ашу және жұмысшы мамандықтарының санын арттыру;

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында институционалдық аккредиттеуден өту жұмыстарын жалғастыру.

5. Облыстағы білім жүйесінің дамуы және қызмет нәтижесі (білімнің қолжетімділігі, оқыту қорытындылары, әлеуметтік қызметті жүзеге асыру нәтижелері, ресурстарды қолдану тиімділігі)

5.1)Мектепке дейінгі ұйымдар жұмысы және БСДМБ орындалысы туралы

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын, Мемлекеттік білім беруді дамытудың  2011-2020 мелекеттік бағдарламасының  бірінші кезеңін жүзеге асыруда  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 192 іс-шара ұйымдастырылды.

Облыста  соңғы үш жылда жеті мектепке дейінгі ұйымның іс-тәжірибелері таратылды.

 3-6 жас арасындағы балаларды қамту  – 79,6%, мектепалды даярлық және бастапқы білім беруді балаларды есепке алғанда  - 81,03 %.

БСДМБ бойынша нысаналы индикатор орындалды.

Облыс бойынша 5-6 жас мектепалды даярлық 19290 баланы құрады, оның ішінде МДҰ дайындық топтарында – 10343 бала, бастауыш сыныптарда – 8947 бала 93% құрайды. Шағын орталықтардың үлесі -21,2% (2015ж-21,0%), жекеменшік бала бақшалардың үлесі -31,0%(2015ж-27,9%).

Облыста Ақтау қаласының № 42 мектепке дейінгі ұйымы жанында «Росток» атты  Балалар Шағын Ассамблеясы  қызмет етеді. Аталған көпмәдениетті тәсіл ұйымдарға ұлттық психологиямен көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу үшін дамудың жаңа сатысына өтуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ақтау қаласы «Крылья Ангела» жекеменшік шағын орталығы және Бейнеу ауданы «Балдәурен» балабақшасында М. Монтессори әдісі, Ақтау қаласы № 11 «Кәусар» бөбекжайында флипчарт, № 4 «Аққу» балабпқшасында құм терапиясы енгізілуде.

Қарақия ауданы «Болашақ», «Құлыншақ» балабақшаларында «Step by Step» технологиясы бойынша жұмыс тәжірибесі  енгізілген және таратылған. Ақтау қаласының  № 53, № 58 бөбекжай бақшалар және Жаңаөзен қаласының № 8 «Ақбота» балабақшасы - денсаулық сақтау технологиясы бойынша базалық балабақшалар болып бекіді.

Елбасы қойған міндеттерді орындай және педагогтар тілегін ескере отырып, мектепке дейінгі мекемелерді қажетті әдебиеттермен, электронды оқулықтармен және құралдармен қамтамасыз ету бойынша мектепке дейінгі мекемелерде үш тілді меңгерту, әсіресе ағылшын тілін оқытуға әдістемелік бағыт-бағдар беру мақсатында Батыс Қазақстан бойынша Оксфорд Юниверсити  Press баспасы CAMBRIDGE  PRESS Университеті  өкілдерімен Кездесу (британдық баспамен) ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда үштілді енгізу бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында балабақшалар  бекітілді. Ағылшын тілін үйрету бойынша жақсы нәтиже көрсеткен балабақша жұмыстары әлеуметтік желілерде, жергілікті БАҚ арқылы материалдар, буклеттер, ашық сабақтарынан жиналға брошюраларын жариялады.

Авторлық бағдарламалар әзірлеуде әдістемелік көек көрсету де оң нәтижесін берді. Үш тілділікті дамыту, озық инновациялық технологиялар мен әдістемелік құралдар  бойынша бағдарламаларды анықтау мақсатында Ақтау қаласының № 24, 29, 42, 53, 57, 58, 59. 60 балабақшалары және «Дарын», «Жанэль», «Крылья Ангела»  жекеменшік балабақшалары, Бейнеу ауданы  «Бейнеу» балабақшасының тәжірибелері таратылды.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін көтеру мақсатында тәрбиеші-педагогтардың имиджін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жүргізетін қызметкерлерді таныстыру мақсатында «Үздік мектепке дейінгі ұйым», «Үздік педагог», «Үздік әдіскер», «Педагогикалық оқылым»  облыстық байқаулары дәстүрлі түрде өткізіледі.

Облыс тәрбиеші педагогтарына көмекші құрал ретінде тоқсанына бір рет «Балабақша өмірі» облыстық әдістемелік журналы шығарылады

   

  5.2 Білім беру жүйесінде жалпы білім беру ұйымдарының жұмыстарының нәтижесі облыс бойынша

  2016 жылы 112617 оқушылардан 4440 түлек мектепті бітірді.

  2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша облыс оқушыларының білім үлгерімі  - 99,87% (2014ж. – 98,92%, 2015ж.-99,82%;), білім сапасы – 48% болды (2014 ж.- 47,1%, 2015ж. - 47,3%). 

  Жаратылыстану-математика  бағытындағы  пәндер  «4» пен «5»-ке  үздікке баураған, оқушылардың үлесі – 64,15 % (2014 ж. – 64,13, 2015ж. – 64,14)

Облыста оқу жылдың нәтижесі бойынша 14657 оқушы «өте жақсы» және 40419 оқушы «жақсы» бітірді.

Жолға қойылған  жұмыстарының нәтижесі бойынша ҰБТ-де 111 үміткерден өз білімдерін дәлелдеп 77 «Алтын белгі» ие болды. 122 түлек үздік аттестатпен бітірді.

  ҰБТ қорытындысы бойынша облыс көрсеткіші 3 баллға артты   (2016 ж. – 78,5; 2015 ж. – 75,75; 2014 ж. – 74,5).

  7 кешкі мектепте 1237 оқушы оқыды, оның ішінде 537 түлек мектепті бітірді (2015ж.- 673; 2014 ж.- 510).

4 жекеменшік мектепте 346 оқушы оқыды (2015 ж.-420; 2014 ж.–420).

Маңғыстау облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыру мақсатында және іс-шаралар жоспарына сәйкес 2014-2015 оқу жылдың төмен көрсеткіштің қорытындысы бойынша, ауданның мектептерге әдістемелік көмек көрсетіліді. Биылғы оқу жылдың қорытынды бойынша 10 мектептен  9-і  ҰБТ-те орта ұпай 9 дан 18 ұпайға дейін көтерді.

Білім сапасын арттыру және саналы тәрбие беру мақсатында бүгінгі таңда Астана қаласындағы ЖШС «Отбасылық Тәрбиелеу Институтымен», ЖШС «Келешек» психологиялық орталығымен, ЖШС «Алғыс Ақтау», «Жастар альянсы», «Ұрпақ NEXT» жастар қоғамдық қорларымен, «Шаңырақ», «Эко Маңғыстау»  ұйымдарымен, «EDTECH-KZ» халықаралық  білім орталығы,  ЖШС «Bilim Media Group» компаниясымен, «Достық», «Жарық» білім беру орталығы үкіметтік емес ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар атқаруда.

Облыс мектептері «BilimMediaGroup» компаниясының «Жоғары сынып оқушыларды ҰБТ-ға дайындауға арналған электрондытренажер» және «Мектеп мұғалімдері мен оқушыларын PISA,  TIMSS халықраралық зерттеулеріне дайындау кешендері» сандық ресурстарына қосылған. 2015 жылы «BilimMediaGroup» компаниясының сандық электронды он-лайн оқыту ресурстарын 41 мектеп пайдаланған болса, 2016 жылы олардың саны 59-ға жетті.  Жоба білім сапасын арттыруға, мектеп бағдарламасы бойынша қосымша ақпараттар алуға, сынақтарға дайындалуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде облыстың 34 мектебі ҰБТ кезінде жақсы білім сапасын көрсетті. Bilim media group ұйымдастырған республикалық мұғалімдер арасындағы сабақтар байқауында (200 мұғалім) облыстан 3 мұғалім жеңімпаз атанды.

2015 жылы облыстағы жалпы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Мұнайлы – жастар жолы» қоғамдық қорымен бірлескен жұмыстар жүргізді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Мұнайлы – жастар жолы» қоғамдық қоры «Жалпы білім беру ұйымдарындағы математика және жаратылыстану пәндерінен білім сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізу» тақырыбындағы жобаны жүзеге асырды және математика және жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің, ата-аналар мен оқушылардың қоғамдық пікірлері негізінде және аналитикалық талдаулар, семинар-тренингтер жүргізу нәтижесінде білім сапасына әсер ететін факторларды анықтау, педагогтардың статусын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіді.  

Облыс бойынша 19 жаңа типті мектеп қызмет етеді. Олардың ішінде: 9 лицей и 3 лицей сыныптары  бар мектептер; 7 гимназия и 44 гимназия сыныптары бар мектептер; 3 мамандандырылған білім беру ұйымдары. Білім сапасы – 78,8% (2013/2014 - 61,8%, 2014-2015 – 67,8%).

Жалпы орта білім беретін 40 мектептің 175 сыныбында әртүрлі аәндер тереңдетіліп оқытылады (3535 оқушы). Үлгерім – 100%, сапа – 75,7% (2013ж. үлгерім – 100%, сапа – 69%, 2014ж. үлгерім – 100%, сапа – 70,8%, 2015ж. үлгерім – 100%, сапа – 72,7%).

Білім саласында жаңа типті білім ұйымдарының нәтижесі жоғары. Олимпиада, ғылыми жобалар мен байқаулардың жеңімпаздарының  пайызы осы  мектептерден болса, ҰБТ бойынша жыл сайын қазақ-түрік лицейі, Ақтау қаласындағы №4 мектеп-гимназиясы мен №11 ФМММ,  Мұнайлы ауданының Қызылтөбе  лицейі мен №5 орта мектебі, Жаңаөзен қаласының мектеп-гимназиясы, Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-лицейі, Бейнеу гимназиясы  жоғары сапа беріп отыр. Биылғы жылы Ақтау қаласының №8 орта мектебі мен Мұнайлы ауданының №1 орта мектебі облыстың 10 үздік мектептерінің қатарына енді.

Мектептердің іс-тәжірибесін тарату, ұжымның стимулын арттыру, ынталандыру мақсатында  жыл сайын «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауы өткізіліп келеді. 2013 жылы 14 млн.теңге білім грантын Түпқараған ауданының М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі, 2014 жылы 15 млн.теңге білім грантын Мұнайлы ауданының №6 орта мектебі, 2015 жылы 17 млн. теңге білім грантын Маңғыстау ауданының Онды орта мектебі жеңіп алды.






17 мамыр 2017

Маңғыстау облысы білім саласының І тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

1. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі Облыста  252  мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 208 балабақша, 44 шағын орталық қызмет етеді. 2016 жылы 1370 орынға арналған 20 МДҰ ашылды  (2- мемлекеттік, 18 – жекеменшік). 2017 жылдың І тоқсанында 735  орындық  8 жекеменшік балабақша ашылды. Мектепке дейінгі ұйымдар тапшылығын азайту және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапалы қызметіне...

26 наурыз 2017

Маңғыстау облысының білім саласы бойынша анықтама

1.Облыстық білім беру жүйесіне қысқаша сипаттама Облыста 244 мектепке дейінгі ұйым (2015ж. – 245), жалпы орта білім беру– 146 мектеп (2015ж. – 144), техникалық және кәсіптік білім беру – 26 ұйым (2015ж. – 26), қосымша білім беру ұйымдары – 14 (2015ж. – 15), арнайы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдары – 13 (2015ж. – 11). 2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі Облыста  244  мектепке...

21 желтоқсан 2016

Маңғыстау облысының 2015-2016 оқу жылындағы білім жүйесіне талдамалы ақпарат

І. Кіріспе Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды  дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктейді. 12 жылдық білім беру көшу – мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі. Білім мазмұнын жаңартуға бағытталған «Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім берудің жаңа стандарты» -...

Сейдалиев Аскар Абиевич

Начальник управления