kzruen

Сенім телефондары:

8 (7292) 57 12 16

8 778 959 84 60

Call-орталығы:

8 (7292) 60 58 23

Сейдалиев Асқар Әбиұлы

Басқарма басшысы

қауырт желі

110

Горячая линия

Маңғыстау облысының терроризмге қарсы күрес комиссиясы Антитеррористическая комиссия Мангистауской области

 

Мобильные приложения:
kzruen
Мобилді нұсқа

27 қазан 2020, Сейсенбі

Сұрақ-жауап

3 маусым 2020 15:54   Базарова Алтынгуль

Мунайлы ауданы бойынша балабакша

Саламатсызба! Мунайлы ауданында неге балабакшалар ашылмай жатыр? Кезекши топта жумыс жасамайды. 2 ата-анасы жумыста деген аныктаманыда алдык. Шыныменде баланы тастайтын ата-енемиз, уйде карайтын адам жок. Аудандык билим болиминеде хабарластык. Али руксат жок дейди. Агымдагы жылдын 4 мамырынан бастап жумыстамыз. Сонда балабакша кашан ашылады?

Жауап:

Құрметті ата-ана! Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 07.05.2020 жылғы қаулысының негізінде а.ж. 13 мамырынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашылды. Санитарлық талаптар алгоритміне сәйкес кезекші топтардағы бала саны 10-15 тен аспауы керек. Қазіргі таңда Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосында ата-аналардың сұранысына сәйкес «Ақмаржан-Мұнайлы» жекеменшік балабақшасында кезекші топ ашылды. Басқа балабақшалардан  ата-ана өтініштерінің  жеткіліксіз болуына байланысты  кезекші топтар ашу мүмкін болмай отыр. Алдағы уақытта басқа балабақшалардан топтар ашуға бала саны толықтырылған жағдайда мүмкіндігі қарастырылатын болады. Қосымша ақпаратты төмендегі байланыс телефондарына хабарласып алуыңызға болады 8/7292/349803, 571204.  

23 сәуір 2020 14:36   Машырык Нурболат

Онлайн уй тапсырмалары

Ассалаумағалайкум былым баскармасы менын сыздерге быр айтарым скрагым бар еды нелыктен балаларга берылетын уй тапсырмасы жане сынып жумысы алде кайта коп? Мумкын азайту жолдарын карастырарсыз?

Жауап:

Құрметті Машырық Жанболат! Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушы мен мұғалімнің арасында кері байланыс орнату мақсатында балаңыздың сыныбына сәйкес оқу тапсырмалары беріледі. Балаңыздың оқитын сыныбы айтылмағандықтан оқушыға берілетін тапсырманың көлемін көрсету мүмкін болмай тұр. Сондықтан, қосымша ақпараттар алу үшін білім басқармасының байланыс телефоны: 8/7292/571204.  

15 сәуір 2020 14:06   Жетписова Алима Ерхатовна

Жумысқа орналасу

Сəламатсызба. Мен Жетписова Алима.Жалғызбасты анамын.2-қыз бала өсіріп отырм.Мен дене жəне спорт мамандығын коллежд бойынша бітірдім. Бір жарым жылдан бері балабақшада тəрбиеші көмекшісі болып жасап келдім.Қазіргі таңда тəрбиеші мамандығын жоғары дипломын бітіремін.Маған балабақшада орын жоқ деп мені жумыстан шығаратыны туралы ескертпе хат берді.Бірақ менен кейін келгендерді турақты қылып жумысқа алып отыр.Мен Бейнеу аудандық Сарға бөбекжайында жумыс жасадым.Қəзіргі таңда еңбек демалысында отырм.Осы балабақшада Дене сабағын ашуға болмас па екен.Мен екі (2) мамандығым бойынша жумыс издеп отырм.

Жауап:

Құрметті Алима Ерхатқызы! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарының Ескертпелерінің 8-тармағына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында дене тәрбиесі залы болған жағдайда 3 және одан ересек жастағы балалардың әрбір тобы үшін лауазымның 0,25 бірлігі есебінде дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленетіндігін хабарлаймыз.  

20 наурыз 2020 17:20   Ерболекова Нурсулу Сулеймановна

Қосымша ақы

Магистратураны бейімдік (профиль) бағытында бітіргендерге қосымша ақы төленеме?

Жауап:

Қазақстан Республикасының2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес магистратурада кадрларды дайындау жоғары оқу орнының білім беру бағдарламалары базасында екі бағытта жүзеге асады: 1) ғылыми –педагогикалық бағыт екі жылдан кем емес мерзімде; 2) бейіндік (профиль) бір жылдан кем емес мерзімде. Жоғарыда жазылғанды негіздей отырып, магистратураны бейіндік бағытында бітіргендерге қосымша ақы төленетінін хабарлайды.     

20 наурыз 2020 16:51   Ізьасаров Амандық.

Бейнеу орта мектебінің директоры конкурсы туралы

Құрметті Асқар Абиевич, Сізге қызметте табыстар тілей отырып төмендегі өтінішімді қалдырамын. Қаңтар айында Бейнеу орта мектебіне бос тұрған директорлық лауазымға Бейнеу аудандық білім бөлімі конкурс жариялаған болатын. Білім беру ұйымдарының басшысын тағайындау туралы 57 бұйрыққа сәйкес құжаттар тапсырдық. Бұл орынға Ізбасаров А.Д және Оразалиев Б.Е үміткерлер болып танылдық. Конкурстың екінші кезеңі мектеп жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестен келісім алу керек болатын. Осы қамқоршылық кеңесті бұрынғы мектеп директоры құрып біз одан 3 рет мектепті дамуыту жоспарымызды қорғап қамқоршылық кеңестің шешімімен мен Ізбасаров келесі кезеңге жіберілгенмін. Осы шешімге Оразалиев қарсы болып арызданып конкурсты тоқттатты, қағидада белгіленген күн бар. Ол күндер өз жөніне қалды. Білім бөлімінің жанынан құрылған конкурстық комиссия Қамқоршылық кеңесін заңдылыққа сәйкес құруын күттік. Неге конкурс жариялар алдында оларды білім бөлімі реттемейді, осы уақытқа дейін ауданда өткізілген басқа мектеп директорларын тағайындағанда Қамқоршылық кеңесін білім бөлімі интернет ресурсқа жариялап құрып берген жоқ. Демек бұл жерде Бейнеу орта мектебі сияқты басқа мектептеде қамқоршылық кеңесі жоқ. Бар болсада мектеп директорлары құрған, қамқоршылық кеңесін құру ережесінде мектеп директоры қамқоршылық кеңесін құрмайды. Менің өтінішім осы жерде конкурс толықтай тоқтатылуы керек еді. Басқа білім беру ұйымдарына директор тағайындау конкурсына конкурстық комиссия жұмысына қызметтік тексеріс жүрзізу қажет етеді. Конкурстық комиссияның шешімімен бөлім басшысы директорлыққа тағайындайды. 2018 жылдың сәуір айынан бастап мектептегі қамқоршылық кеңесін білім бөлімі құрып беру керек бұл ереже сақталмады. Осыған сәйкес конкурсты осы жердее тоқтатылды деп танып қызметтік тексеріс жүргізуді сұраймын. Конкурс тоқтамай қайтадан Қамқоршылық кеңестен өттік, бұл кеңесті білім бөлімі құрып берді. Құру барысында интернет ресурсқа мектеп номерлерін бвйланыс телефонын жариялаған. Кейбір азаматтар хабарласып мүше болмадық деп өз уәждерін айтты, білім бөлімі арнайы хат жолдаған. Ол жерде шектік деңгейін айта кеткен, ал қамқоршылық кеңес құру ережесінде 9 адамнан кем емес деген. Яғни 9 дан көп болса болды. Ол азаматтардың өтініші не себепті қанағаттанарлықсыз болған. Құрылған Қамқоршылық кеңесіне даму жоспарын қорғауға еш шақырусыз (хат,телефон хабарламасыз) жұмыста жүрген уақытта қатысып қорғадық. Қамқоршылың кеңесі жұмысы толықтай орындалмады, біріншіден олар арнайы хатпен шақырту жасау керек еді, Оразалиев қандай негізде шақырылып келді. Екіншіден, біз қорғайтын даму жоспары алдын-ала қамқоршылық кеңесте талқыланбады. Мен өзім ұсындым. Қателік тағы орын алды бұны бақылап отырған қамқоршылық кеңесі құрамының мүшесі білім бөлімінің бас маманы Демеуов Балуанияз қамқоршылық кеңесіне заңсыздық орын алып жатқанын ескермей екі үміткердіде келесі кезеңге жіберді. Бұл кезеңде дезаңсыздық байқалды. Келесі кезең облыстық білім басқармасынан құрылған конкурстық комиссиясын әңгімелесуден өтуге келдік. О баста конкурс заңсыздығын байқасамда әңгімелесуге қатыстым. Ол кезеңнің қорытындысы маған қазіргі таңда беймәлім, білім бөлімі дал осы уақытқа дейін хат жолдамады, еш себебі жоқ. Сағат қазір 18:37. Бірақ Оразалиевпен аудандық әңгімелесу болыпты. Сонда мен ешқандай дарменсіз отыра беремба, бөлім басшысы ескерту бермейма. Еңбек шартын тоқтатар кезде де бір ай бұрын ескерту бередіғо. Бұл жерде мені алалап отыр. Себебі осы лауазымға осы Бейнеу мектебіне уақытша тағайындап алып, үстімнен ұжымнан арыз түсірді, ол сіздерде тіркеулі. Ол арыз ешқандай заңсыздық орын алып жазылған жоқ. Өздері ұйымдастырды, тек мен түсініктеме бердім еш нарсені мойындағам жоқ соған қарамастан тәртіптік шара берді. Бір ұжымбызғо деп үнсіз қалғанмын. Енді осы арыз менің конкурсыма кедергісі тиген жоқпа екен. Ол арыз ұжымда 4(төрт) әріптесіммен ұйымдасқан арыз. Ол арызда бөлім басшысының апасы Божанова Алтынай әріптесім бар, менде де күдік туындады. Арыз түскенде қызметтік тексеріс жүргізу үшін комиссия құрылып жұмыс тобы құрылу керек едіғо, бүл арыз бөлім басшысының кабинетінде шешілді. Басқа ұжымның пікірі тыңдалмады. Менің өтінішім: Бейнеу орта мектебінің конкурсына және басқа мектептерде тағайындалған басшылардың Қамқоршылық кеңесінен өткен кездегі қамқоршылық кеңесін кім құрғандығын заңдылық бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуін. Екінші Бейнеу орта мектебінің конкурсын тоқтату, заңсыздықтарды ескере отырып. Үшінші 14.01.2020 жылғы Бейнеу орта мектебінен түскен арызға қызметтік тексеру жүргізілсе, егер ол конкурста ұжымдық арыз негіз болса. Алдын ала рақмет.

Жауап:

Құрметті Амандық Ізбасаров! Білім беру ұйымдарының директорының бос лауазымына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»  (бұдан әрі- Қағидалар) № 57 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Қағиданың 14 тармағына сәйкес конкурс төрт кезеңде өткізіледі;  1) Конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау; 2) Мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;     3) Облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу; 4) Білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу. Бейнеу ауданы білім бөліміне қарасты Бейнеу орта мектебінің бос директор лауазымына 2020 жылдың 7 қаңтар күні хабарландыру берілген. Қағиданың  14-2 тармағына сәйкес Бейнеу аудандық білім бөлімі  20.01.2020 жылы Бейнеу орта мектебінің жанындағы қамқоршылық  кеңесіне бос тұрған директор лауазымына үміткерлерді келісуге жолдаған. Бейнеу орта мектебінің жанындағы қамқоршылық  кеңесінің 25.01.2020 жылғы отырысының №3 хаттамасында бос тұрған лауазымдық орынға  А. Ізбасаровқа келісім беріп, ал Б. Оразалиевке келісім берілмеген. Б. Оразалиев Бейнеу аудандық білім бөліміне қамқоршылық кеңестерінің жұмыстарына наразылығын танытып жазған мәлімдемесінің негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығының 5 тарау 30-1 тармақшасына сәйкес Бейнеу орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің жұмысын тоқтатып, Бейнеу орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің құрамы қағидаға сәйкес болмауына байланысты, құрамын өзгертіп қайта құрған. Осыған орай қамқоршылық кеңесітің отырысы қайта өткізілген. Бұл конкурс өткізу тәртібіне қайшы келмейді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының   47 тармағына сәйкес, конкурстан өтпеген кандидаттарды білім беруді басқару органы үш жұмыс күні ішінде конкурс қорытындысы туралы жазбаша хабардар етеді делінген, осыған сәйкес 10.03.2020 жылғы конкурс қорытындысы бойынша Сізге жазбаша хабарлама жіберілген және ол хабарламамен 12.03.2020 жылы танысқандығыңыз анықталды. Маңғыстау облысының білім басқармасының жанынан құрылған кәсіби құзыреттілігін бағалау  комиссиясы әңгімелесу кезеңінде қағиданың  43 тармағында көрсетілгендей «Әңгімелесу өткізу үшін осы қағиданың 4-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының немесе мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттың бағалау парағы» толтырылады. Комиссияның бағалау парағына сәйкес  «кәсіби құзыреттілігі мекеме басшысының лауазымына жеткілікcіз» деп танылған. Сондай - ақ, білім басқармасының жанынан құрылған кәсіби құзыреттілігін бағалау  комиссиясының шешім шығаруына Бейнеу орта мектебінен келген арыз-шағым немесе басқада факторлар негіз болмағандығын қаперіңізге береміз.    

20 наурыз 2020 10:17   Шаханова Сауле

Білім ордасындағы негізсіз жала.

Маңғыстау облысының Білім басқармасынының басшысы А. Сейдалиев мырзаға Бейнеу орта мектебінің бір топ мұғалімдерінің атынан Арыз Біз төменде қол қоюшы бір топ мұғалімдер Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының орталығындағы Бейнеу орта мектебінің мұғалімдеріміз. Арыз жазудағы мақсатымыз, мектебіміз ашылғаннан бергі аз уақыттың ішіндегі орын алып келе жатқан келеңсіздіктерді баяндағымыз келеді. Бейнеу орта мектебі заманауи үлгіде салынып, 2016 жылы пайдалануға берілген болатын. Мектеп алғашқы директоры 2018 жылы аудандық білім бөлімінің басшысы қызметіне ауысқаннан кейін, Аюпова Орынгүл Шомаққызы директорлық қызметке келді. Ол кісі басшылық қызметте тәжірибесі болмаса да, ұжыммен жұмыс жүргізуде, мұғалімдердің білім сапасын арттыруда жақсы нәтижелер көрсете білді. Алайда, 2019 жылы күтпеген жерден арызқойлар пайда болып, директор үстінен жалған дәлелсіз ақпарлар көрсетілген арыз жазылып, өз еркімен қызметінен кетуге мәжбүрледі. Одан кейін директордың міндетін атқарушы болып Алимбаев Талғат қызметке келді. Ол азамат қызметте болған бір жылға жуық уақыт ішінде мектеп ұжымында білім сапа көрсетуде де, ұйымдастырушылық шараларда да еш өзгеріс, ілгерілеу болған жоқ. 2020 жылдың 5 қаңтарында директорлық қызметке бұрын Есет ауылында мектеп директорлығында болған Ізбасаров Амандық Дүйсенбекұлы қызметке келді. Ол алғашқы күннен бастап ұжыммен жұмыстар жүргізді. Білім сапасымен, білім беру методикамызбен және сабақтарымызға қатысып мұғалімдердің сабақ жүргізу процесімен танысты. Ұжымды біріктіретін шаралар ұйымдастыра бастады. Алайда Амандық Ізбасаров қызметке келгеннен кейінгі 9 күннен соң директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қошманов Жәнібек, ағылшын тілі пәнәнің мұғалімі Елубаева Анар, Химия пәнінің мұғалімі Божанова Алтынай, бастауыш сынып мұғалімі Ажибаев Берикбай сынды мұғалімдер директордың үстінен негізсіз ақпараттарды алға тартып Маңғыстау облысының білім басқармасына арыз жазған. Арыздың негізсіз дейтініміз, онда Амандық Ізбасаровтың мектепте жеке әжетханасы бар, мектепте темекі шегеді, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын заңсыз тағайындады делінген. Алайда мектептің бұрынғы басшыларының тұсында жеке әжетхана болғаны рас, алайда Амандық Ізбасаров әжетхана кілтін шаруашылық меңгерушісіне тапсырып, ондай іске жол берілмейді деген. Мектепте педагогикалық құрамда 118 мұғалім қызмет атқарады. Алайда арызданушылардан өзге ешбір мұғалім немесе техникалық қызметкер директордың мектепте, тіпті мектеп ауласында темекі шеккенін көрген емеспіз. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын маман тапшылығына, қызметтік қажеттілікке байланысты уақытша міндетін жүктеп тағайындалған. Оның қасында директорлар да міндетін атқарушы болып тағайындалмай ма? Үнемі ұжымның атын пайдаланып, мектептің нәтижелі жұмыс жасауына неге кедергі келтіреді? Жоғарыда аты аталған төрт мұғалімнің (жалған) арызы бойынша мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Амандық Ізбасаровқа өз лауазымдық міндеттеріне немқұрайлы қарағандығы үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік шара берілген. 2020 жылдың 12 наурызында конкурс қорытындысы бойынша деп Амандық Ізбасаровты қызметтен алып тастап, Оразалиев Болатбек деген азаматты тағайындаған. Біздің пайымымызша, мектеп ұжымымен нәтижелі жұмыс жүргізетін директорлардың үстінен қасақана арыз ұйымдастырылатын сияқты. Осы арызымыз негізінде істің ақ-қарасын ажыратып берулеріңізді сұраймыз. Біз 10 наурызда нәтижесі шыққан конкурстық комиссияның шешімімен де келіспейміз. Оның да заңдылықтарын анықтап берулеріңізді сұраймыз. Осы аталған екі мәселе бойынша тәуелсіз сарапшылардан құрылған комиссиямен қызметтік тексеріс жүргізілуін талап етеміз. Қол қоюшылар: 1. Шаханова Сауле 2. Спанова Санимай 3. Аюпова Қалампыр 4. Кашкенова Жансая 5. Сармысова Гүлзира 6. Есентемірова Жазира 7. Азаматова Алуа 8. Нұрбаулиева Айтолған 9. Еңсегенова Мөлдір 10. Айтымбетова Мәншүк 11. Тилегенова Асел 12. Бахтыбеков Жансерік 13. Олжабаев Жеңісбек 14. Тұрманбетова Айгүл 15. Өтегенов Ерқанат 16. Арзамұратов Қажымұқан 17. Адилбекова Толғанай

Жауап:

Құрметті Сауле Шаханова! Білім беру ұйымдарының директорының бос лауазымына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»  (бұдан әрі- Қағидалар) № 57 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Қағиданың 14 тармағына сәйкес конкурс төрт кезеңде өткізіледі;  1) Конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау; 2) Мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;     3) Облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу; 4) Білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу. Білім басқармасының жанынан құрылған кәсіби құзыреттілігін бағалау  комиссиясының шешіміне  Бейнеу орта мектебінен келген арыз - шағым немесе басқада фокторлар шешім шығаруына негіз болмағандығын қаперге береміз. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Қорытындысында Бейнеу аудандық білім бөлімінің жанынан құрылған Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау комиссиясы Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау комиссиясының жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»  (бұдан әрі- Қағидалар) № 57 бұйрығының талаптарын бұзушылық анықталмады.  

18 ақпан 2020 09:58   Тулепова Айнур

Мектеп мугалимдеринин устиннен шагым

Окушынын сумкасын актарып карауга мугалимдердин кукыгы барма? Занмен карастырылганба Окушынын сумкасын мугалим тексеру керек деген? Каракудык орта мектебинде осындай арекет болды

Жауап:

Құрметті Айнұр Тулепова! Сіздің Қарақұдық орта мектеп мұғалімдерінің үстінен 2020 жылдың 04 ақпан күні түсірген шағымы бойынша төмендегілерді хабарлайды. Аталған шағымыңыз бойынша мектеп басшысы А.Избасаровадан 2020 жылдың 06 ақпан күні түсініктеме алынды. Мектеп басшының түсініктемесі негізінде, мектепішілік жоспар жасақталып, жоспар бойынша оқулықтардың таза сақталуын қадағалау үшін оқушылардың оқулықтары тексерілгендігін хабарлай  отырып, бұндай келеңсіз жағдайларды алдағы уақытта болдырмау мақсатында, түсінік  жұмыстары жүргізілгенін қаперіңізге береді.  

14 ақпан 2020 15:15   Айгуль Ильчибаева

Бала-бақшадағы топта бала саны маселесі

Құрметті Білім Басқармасы, Ақтау қаласы №55 "Қыран" бала-бакшасының ата-аналар комитеті атынан келесі мәселеге көңіл бөлулеріңізді сұраймыз: әр-түрлі жастағы топтарда бала саның Санитарлық ережерлер мен нормаларында көрсетілген сандардан асыру қаншалықты заңды? Аты аталған бала-бақшада кіші бөбек топтарында бала саны 28 балага дейін киім ілетін шкафтар мен төсектер (2-3 жас аралығындагы топтарда бала саны 20-дан аспауы керек), мемлекеттік кіші топтарда да 28 балаға арнап (максимум 25 бала), үлкен топтарда тіпті 35 балаға дейін орын дайындалып жатыр. Ата-аналар болып жиналып балаларымыздың құқықтарының бұзылып жатқанын бала-бақша басшылығына наразылығымызды жолдадық, бірақ бар естіген жауабымыз - ұнамаса балаларынызды алып кетіңіз де басқа бала-бақшаға барыңыз деген жауап. Бұндай заң және құқық бұзушылық және басшылықтың ата-аналармен туындаған мәселелерді тиімсіз шешуі көптеген сұрақтарды туғызады. Бұл мәселені қолға алуларыңызды сұраймыз. 3 топ және 6 топ ата-аналар комитеті атынан

Жауап:

Құрметті ата-аналар! Ақтау қаласындағы № 55 «Қыран» балабақшасының сыйымдылығы – 320 орын. Бүгінгі таңда аталған балабақшада 10 қазақ, 2 орыс тобы және  2 коммерциялық топ жұмыс жасайды. Барлық топтар саны – 14. Балабақшада «Білім туралы» заңның орындалысы бойынша, оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен жұмыс жасайды. Ақтау қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша аталған балабақшада төмендегідей бала қамтылған. 1 топ (3-4 жас) – 23 бала 2 топ (3-4 жас) – 26 бала 3 топ (2-3 жас) – 20 бала 4 топ (2-3 жас) – 20 бала 5 топ (3-4 жас) – 26 бала 6 топ (3-4 жас) – 23 бала 7 топ (5-6 жас) – 18 бала 8 топ (5-6 жас) – 21 бала 9 топ (5-6 жас) – 25 бала 10 топ (4-5 жас) – 26 бала 11 топ (5-6 жас) – 18 бала 12 топ (5-6 жас) – 25 бала 13 топ (4-5 жас) – 23 бала 14 топ (4-5 жас) – 26 бала Қосымша ақпаратты жергілікті жердегі білім бөлімдеріне хабарласып алуыңызға болады (Ақтау қаласы, 4 шағын аудан, 72 ғимарат, 4 терезе). Байланыс телефондары: 8/7292/571204, 336551, 336558.  

10 ақпан 2020 16:24   Нурсулу

Балабакша

Салематсыз ба, мемлекеттик балабакшага ясли топтар бойынша бала неше жастан кабылданады жане ясли топтары бар балабакшаларды атап отсениз. Рахмет.

Жауап:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 95 бұйрығына сәйкес, бөбекжай-бақша бір жастан бастап алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады. Облыс бойынша бөбекжай-бақша саны  - 49. Соның ішінде, Ақтау қаласы бойынша – 12. Тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша орналасқан бөбекжай-бақшалар туралы мәліметті жергілікті жердегі білім бөлімдеріне хабарласып алуыңызға болады (Ақтау қаласы, 4 шағын аудан, 72 ғимарат, 4 терезе). Байланыс телефондары: 8/7292/571204, 336551, 336558. 

4 ақпан 2020 10:03   Елубаева Анар,әжібаев Берікбай,Божанова Алтынай, Косманов Жанибек

Мектеп басшысының заңға қайшы әрекеттері

Сәлеметсіз бе Сейдалиев Аскар Абиевич! Сізге төмендегідей мәтінде бір топ ұстаздардың арыз-шағымын жеткізгім келеді.Біз Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу орта мектебінің мұғалімдеріміз! Осы 2020жылдың 5-қаңтарында біздің мектебімізге директордың міндетін атқарушы ретінде Ізбасаров Амандық мырза келген болатын, келген күннен бастап оқу білім жөніндегі орынбасардан бастап балаша жұмсап менің дегенімді жасамасаң жұмыстан босатамын деген қарқынмен келіп күні бүгінге дейін мұғалімдерді қудалаумен келеді!Сізге жазбасқа шарамыз қалмады, келген күні профком мүшелеріне тиісіп өщі сол мүшелікте болмаса да жаптырып тастаймын деп күшке мінді,оған мектеп директорының құқығы жоқ олай деуге . Онымен қоса педагогикалық кеңес өткізіп,оо кеңесті қоқан лоққы көрсету орнындай етті бәрің уақытшасыңдар деді. Менің жүрген жрлыммен жүріңдер,менің ішкен суымды ішіңдер өлмейсіңдер деген сөздер айтты! Біз сонда педагог қызметкерлер басшымыз темекі шексе темекі шегіп,коридорда оқушы,ұстаздардың алдында екі аяғын екі жаққа жіберіп жолда тұрып алатын мектеп басшысының жасағанын жасауымыз керек пе? Бұл не деген бассыздық ұстазға деген құрмет қайда? Біз ұстаздар қанша директормен жұмыстас болсақ та бұндай бассыздықты алғаш көріп отырмыз! Осы арызды жазып отырған ұстаздардың алды 20 20жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер! Оларға да қалай болса солай сөйлеу,ешқандай ескертусіз сабаққа кіріп келу,сабақ ортасында 10минут отырып рұқсатсыз сабақта бөліп шығып кету,ешқандай қолында бекітулі жоспары жоқ не мақсатпен сабаққа кіргені белгісіз тексерулер, методикалық білімі туралы емес теориялық білімін өзі сол мамандықты жете түсінбесе де ,сабақты талдамау,сабақ жоспары мен құрылымын,күндізбелік тақырыпты тексермеуі,оқу ісінің меңгерушісінсіз сабаққа қатысу- бұның бәрі педагог мәртебесіне қайшы дүниелер! Бұны біз мектеп ұстаздарын (кейбір өзі ұнатпайтын)қудалау деп түсінеміз! Сабаққа кіру мақсаты мен жоспарын сұрасақ өзінен өзі ақырып шаруаларың болмасын кірем тағы кірем керек болса дегені үлкен ұстаздарға көрсеткен мәдениетсіздігі! Бұндай басшыны біз қаламаймыз! тағы бір жаңалығы күнделікті сабақ жоспарымызды оқу ісінің меңгерушісінің бекітетін тұсына зав учтың қолы емес тексерілді деген соң астына өзінің А.ізбасаров деген жеке мөрін басқызып қойды! Бұл не жеке меншік сол кісінің мектебі ме? Біз мүлде түсінбедік! өзі сарапшылық тесттен қараша айында өтіп,2018ж зерттеушілік санатын алған ұстаздарға 20ж стажы бар ескертусіз зерттеушіліктеріңді қараймын деп сабақтарына кіріп барып сабақ ортасында шығып кетуі үлкен қате! Сабақты бөлуге министрдің де құқы жоқ! Онымен қоса осыдан бір жыл бұрын 1-2ай тәрбие ісі жөнінде орынбасар болып тағайындалып,өзге пән мұғалімінің атында тұрған кабинеттің ақшасын маған бересіз деп алып отырған өрескел қылығымен сол орыннан босатылған Қашкенова Жансаяны ұжымның келісімінсіз (жас маман еңбек өтілі 3жыл,ол жерге кемінде пед стажы 5жылдан аз болмауы тиіс) қайта тәрбие ісі жөніндегі орынбасар етіп тағайындағаны ұжымды сыйламағаны! тағы айта кететініміз әжетхана мәселесі мектепте жеке директордың өзі ғана кіретін әжетхана пайда болды кілттеулі тұрады қажетіне оқушылар ұстаздар емес тек мектеп директорының ғана кіруге құқы бар әжетхана болды!Біз осы арызымызды жаза отырып төмендегі мұғалімдер сізден осындай бассыз мәдениетсіз басшыға шара қолдануыңызды талап етеміз! Бұл арыз шағымды ҚР Білім және Ғылым министрлігіне де жолдайтынымызды қаперіңізге береміз! Бізге тез арада нақты жауабыңызды беріп Педагог мәртебесі заңнамасына сай әрекет жасап шарасын алады деп үміттенеміз! Арыз иелері Бейнеу ауданы Бейнеу орта мектебінің мұғалімдері: Елубаева Анар Әжібаев Берік Божанова Алтынай Косманов Жанибек 14.01.2020

Жауап:

Құрметті Бейнеу ауданы Бейнеу орта мектебінің мұғалімдері! Маңғыстау облысының білім басқармасы Сіздердің жазған өтініштеріңіз бойынша мынаны хабарлайды. Бейнеу аудандық білім бөлімінің хатына сәйкес,  «Бейнеу орта мектебі» КММ-нің директорының міндетін уақытша атқарушы А.Ізбасаровқа өз лауазымдық міндеттеріне немқұрайлы қарағандығы үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік шара берілгендігін  және алдағы уақытта мұндай кемшілікке жол бермеу қатаң ескертілгендігін хабарлайды.    

24 қаңтар 2020 17:38   Сейтек Арман

Қарсыбарлау қызыметі мамандығы оқу орны

ҚР ҰҚК басшысының орынбасары Пшаев мырзадан, сіздерге хат жолданған еді "қарсыбарлау қызыметі" мамандық бойынша, сол оқу орны жайлы толық танысқым келеді

Жауап:

Құрметті  Арман Сейтек! «Қарсы барлау» мамандығы туралы толық ақпаратты Ақтау қаласы 24 шағынаудан 4-ғимаратта орналасқан  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кадр бөлімінен біле алатындығыңызды қаперіңізге береміз. Қосымша мәлімет алу үшін байланыс телефоны: 571204.  

17 қаңтар 2020 10:30   Мадина Меденова

Медицина колледжі

Ақтау қ,13шағын ауданда орналасқан колледж, студенттерге емтиxан күнімен уақытын ескертпей, 1топ студент пересдачаға қалып отыр. Ескертпегенң дұрыспа, әлде бұрыспа?! Және барлығы ақылы түрде, студент билетіне дейін сатып алу, диплом қабын және т.б. Сабақтан ауырып қалсаң 1сабағыңа 1000тгден төлеп, сонда 1күнге 3мың төлеуге міндетті. Анықтамаң болса 50%ын төлеу деген енді сұмдық. Сонда ота жасатып жатсада төлеу керек екен. Колледжің осындай әрекеттерін кім тексереді?

Жауап:

Құрметті Мадина Меденова! Барлық колледждерде «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес сессияның басталу уақыты алдын ала бекітіледі. Биылғы оқу жылында Ақтау қаласындағы медицина колледжінің (Бұдан әрі-Колледж) бірінші курсында оқитын топтар (Емдеу ісі, медбикелік іс, фармация мамандықтары) кредиттік жүйемен оқуына байланысты, соңғы сабақ емтихан немесе сараланған сынақ болып белгіленген. Аталған топтарда сабақ кестесі кем дегенде бір апта бұрын қайта қаралып (түзетулер жасалып), топқа ескертіледі. Қатыспаған сабақтарын қайта тапсыру үшін әр академиялық сағатына ақы төлеу Колледж бен білім алушы арасында жасақталған келісім-шарттың 2.3.4 тармағына сәйкес жүргізіледі. Келісім-шартқа оқуға қабылданған кезде ата-ана мен студент қол қояды. Егер ата-ана келісім-шарттың тармақтары мен келіспеген жағдайда қол қоймауға құқылы. Толық ақпарат алу үшін 8/7292/571239 телефонына хабарласу арқылы Білім басқармасына келуіңізді сұраймыз.  

19 желтоқсан 2019 11:26   Аділбекова Салима Бабанқызы

Министірліктен көмек сураймын

Мен Аділбекова Салима Бабанқызы мен Мақтаарал ауданы Асықата кентінде тұрамын менің балам денсаулығына байланысты мектепке баруға мүмкіндігі жоқ, эпилепсиямен ауырады сол себепті уйде білім алады №12 орта мектебінің мұғалімдері үйге келіп оқытады мектеп деректоры Байжанова Майра ,Оқу ісі жөніндегі деректоры Дербисбекова Н, ға айттым ешқандай нәтиже жоқ Мұғалімдер уақытылы сабақ өтпиді қалаған кезде келеді, Куніне кесте бойынша 2 сабақ өтілуі керек, бірақ мұғалімдер уйге келмейді соған шара қолдансаңыздар,Менің балам қатарынан қалмай білім алғысы келеді

Жауап:

Құрметті Салима Бабанқызы! Сіз өтінішіңізді Маңғыстау облысы білім басқармасының блогына жолдадыңыз. Білім басқармасы өзге өңірдің ішкі мәселесіне араласпайтындығын қаперіңізге бере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына жолдауды сұраймыз. Министрліктің ресми сайты: edu.gov.kz. Маңғыстау облысының білім басқармасы  

4 желтоқсан 2019 14:52   Ажар Жолдасова

Балабақшадағы Ұста/Плотник в садике

4-ші балабақшада 6-топта қызымның киім ілетін шкафының топсасы сынып қалған. Соны кім жөндеу керек: ата-ана ма әлде балабақша ма?

Жауап:

Құрметті ата-ана! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» № 77 қаулысына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ғимараттарда кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) болатындығын қаперіңізге береміз. Яғни, ата-ана балабақша жиһазын жөндеуге міндетті емес. Қосымша ақпаратты төмендегідей байланыс телефондарына хабарласып алуыңызға болады: 8/7292/336551, 571204.  

3 желтоқсан 2019 14:25   Серик Касым Тореханович

Балабақша

Құрметті білім басқармасы. Менің қызымды балабақшаға тіркеуге Алматыда дүниеге келген бойда қойған болатынмын. Балабақша 28а ш/а жұлдыз балабақшасы (русская группа). Жақында қарағанда балабақша тізімінде 27 болып тұр егенбіз. Қызым 3 жасқа 06.02.2020 толады. Барлық балабақшаға ата-аналар балаларын ертерек дайындайды. Сол себеппен балабақшаға білуге барып едім. Директор күтіңіз қашан уақытыңыз келеді сол кезде соғамыз деп отыр. Қандайда бір жоспар бойынша маған уақыт айта аласыз ба десем бізде жоспар жоқ дейді. Сонда менің қызым қашан баратыны белгісіз. Қалай мекеме ешқандай алдын ала жоспарсыз жұмыс жасайды. Мен балабақшадан толыққанды жауап ала алмай шықтым. Неге балабақша жылдық жоспар құрып, сол бойынша мүмкін болатын уақытты айтпайды. Маған толық жауап берсеңіз. 

Жауап:

Құрметті Қасым Төреханұлы! Басқарма басшысының атына түсірген арызыңызда қызыңыз туралы мәлімет (аты-жөні) көрсетілмегендіктен, кезектілігі бойынша ақпарат беру мүмкіншілігі жоқ екендігін қаперіңізге береміз. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына және қызмет алушының өтінішіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін жолдама беріледі. Қазіргі таңда бұл қызмет e.akimat.kz электронды жүйесі арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 % қамту мақсатында алдымен аталған жастағы балалар қамтылады. Алдағы уақытта 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамтуға байланысты жұмыстар мемлекеттік деңгейде қарастырылуда. Ондай жағдайда, балаңыз кезегімен мектепке дейінгі ұйымға орналастырылатын болады. Сондай-ақ, Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы қызмет көрсету орталығында аптаның әр сәрсенбі, бейсенбі күні сағ. 09:00-18:30-ға дейін кезектілікке, балабақшаға жолдама алу сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау күні өтеді. Қосымша ақпаратты төмендегі байланыс телефондарына хабарласып алуыңызға болады. 8/7292/571204, 336551. 

10 қазан 2019 16:23   Сапарова Курбанай Мынбаевна

Іссапар кезінде педагогтан жұмыс талап етуге бола ма?

Құрметті облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев! Мен Жаңаөзен мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімімін. Еңбек өтілім-8жыл, педагог-модератор. 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап 9 қараша аралығында Ақтау қаласындағы Болашақ колледжінде үштілділіктің курсында оқып жүрмін. Бұл хатты жазуымның себебі,курста жүрген уақытымда сайысқа оқушы қатыстырмадың деп мектеп басшысының whatsapp желісі арқылы менің мекен-жайыма жазылған хабарламасы. Хабарламада неге оқушы қатыстырмайсың, сағатты екі жылдан бері аузы мұрнынан шығарып бердім, неге шапшисың, курста жүрген болсаң сені ол курсқа жіберіп отырған мен, келетін мұғалімді келтірмей отырсыңдар ғой, жөніңе жүр деген сияқты сөздер дәлелсіз, денсаулығыма кері әсер ететін сөздер жазылған. Мектеп мұғалімдеріне арналған whatsapp чатында дыбыстық хабарламада да анықтап айтылған. Заңды тұрғыда іссапарда жүрген қызметкерге осылай хабарлама жіберуге, жұмыс талап етуге құқылы ма?

Жауап:

Құрметті Сапарова Курбанай Мынбайқызы! Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастары  Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексіне» сәйкес еңбек және ұжымдық шарттарда көрсетіледі.  

10 қазан 2019 09:56   Г.Ажибаева

Санат бойынша ақы төлене ме?

Сәлеметсіз, Асқар Әбиұлы! Мен Мұнайлы ауданы білім бөлімі "Өнер" мектебі жанындағы "Тұлпар" аула клубында "Тоғызқұмалақ" үйірмесінен сабақ беремін. Денешықтыру пәні мұғалімі бойынша 2018 жылы педагог-сарапшы санатын алғанмын. Сұрайын дегенім осы алған санатым бойынша неге айлыққа есептелмейді. Бұрыңғы алған 1- санат бойынша еңбек ақыңа төленеді деп жауап берді. Рақмет!

Жауап:

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш , негізгі орта және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шаттарын бекіту туралы» ҚР білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес, арнайы пән, яғни дене шынықтыру пәні мұғалімі бойынша төлем жүргізіледі.  

3 қазан 2019 10:50   Мадикалова Анаргул

Жоғары оқу орны педогогика және психология мамандығы

Менің аты-жөнім:Мадикалова Анаргул Қабыловна.2001-2004 ж. аралығында Маңғыстау гуманитарлық колледжінің бастауыш сыныпта оқыту мамандығы бойынша оқып,диплом алдым.2004-2007 жж. аралығында Алматы Қайнар университетінің педогогика және психология мамандығы бойынша бітіріп шықтым.Жаңа Дәулет елді мекеніндегі 4 -ші жалпы білім беру орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімімін.Менің сұрағым:Маған жоғары білім бойынша еңбекақы төленбейді деді.Сол қаншалықты заңды?

Жауап:

Құрметті Медикалова Анаргул! «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес, төлем жүргізіледі.  

24 қыркүйек 2019 14:28   Айгуль Мадениетовна

№28 Балдаурен бала-бакшасынын ремонты кашан битеди?

11 шагын ауданындагы орналаскан №28 Балдаурен бала бакшасынын ремонты жыл сайын болады. Осы жылы да биздин баламызды демалыска жиберди! Шилде айынын басында басталган жондеу жумысы али кунге дейин битирген жок. Бизге айтканы Кыркуйек айынын басында конырау шалып айтамыз деген, содан бери хабар жок. Бала-бакшага барсан, биыл битетин ремонт емес анау! Аскар Абиевич прошу Вас разберитесь в этом пожалуйста?! Надеюсь вы ответите мне, Жду ответа. 

Жауап:

Құрметті Айгүл Мәдениетқызы! Ақтау қалалық білім бөлімінің № 28 «Балдәурен» балабақшасының жөндеу жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланды. Қосымша ақпаратты төмендегі байланыс телефондарына хабарласып алуыңызға болады. 8/7292/336558 (Ақтау қалалық білім бөлімі) 87025498977 (Ақтау қалалық білім бөлімінің бас маманы Байшаханова Акмарал) 

24 қыркүйек 2019 12:26   Суйеу Гульмира

математикадан үйге берілген тапсырмаға байланысты

Менің балам 6 сыныпта оқиды, мұғалім сабақта 3 есепті шығартса, үйге 15 есеп береді. Осы дұрыс па? Үйге тапсырманың мөлшері болу керек қой. Сұрағыма нақты жауап күтемін. 

Жауап:

Құрметті ата-ана! Сіздің сұрағыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз. Үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «24» сәуір № 182 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген. Үй тапсырмасын (бір оқу күнінде) орындауға кететін уақыттың көлемі 6 сыныпта 90 минуттан аспайды. Математикадан 6-сыныпта үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын уақыт күніне- 25мин, аптасына-125 минут. Үй тапсырмасын ұйымдастыруда мыналар ескеріледі: 1) орта білім беру ұйымының түрі мен білім алушылар контингенті; 2) сабақ кестесіне сәйкес басқа пәндерден үй тапсырмасының болуыжәне оның көлемі; 3)жоғары сыныптарда сабақ сайынғы үй тапсырмасынан оқу тоқсанына арналған (немесе тарауды аяқтағаннан кейін) тапсырмалар жүйесіне өту мүмкіндігі; 4) жекелеген пәндер бойынша оқудың бірнеше мақсаттары негізінде оқу жобалары нысанында үй тапсырмаларын ұйымдастыру; 5) шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын (мысалы модель жасау, жоба дайындау, киносценарий, қызықты оқиға, өз ертегісін жазу) орындау мерзімі бір білім алушыға кем дегенде бір апта және айына көп дегенде бір тапсырма шегінде.  

27 тамыз 2019 15:51   Нұралықызы Назира

Балабақшада санат алу туралы

Сәлеметсізбе, мен 2013 жылдан бері балабақшада жұмыс жасаймын. 2016 жылдан бері әдіскер лауазымын атқарып келемін. Білімім жоғары, мамандығым биология және химия пәннінің мұғалімі. Сырттай Орал қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығының (жоғары) сырттай бөлімінде оқып жатырмын. Әдіскерліктен біліктілік курстарынанда өттім. Сұрағым, әдіскерліктен санат алуыма болама? Заңдылығын көрсетіп берсеңіз.

Жауап:

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.  

19 тамыз 2019 14:09   Исгендер Асқар Мұрсатбайұлы

Оқу мәселесі

Грант иегерлерінің тізімін ЗКМУ им. Марат Оспанова (Aқтөбе) универіне қашан жібересіздер?

Жауап:

Құрметті Асқар Мұрсатбайұлы! 2019-2020 оқу жылының грант иегерлерінің тізімі жоғары оқу орындарына ағымдағы жылғы 20 тамызға дейін жолданатындығын қаперіңізге береміз. 

9 тамыз 2019 14:58   Фариза Мусабековна

Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік льготалары

Саламатсыз ба, Сізден 1-4 сынып оқитын әлеуметтік аз қамтылған отбасылар балаларын тегін тамақтану қарастырылған ба? Қандай құжаттар және қайда тапсыру керек екен?

Жауап:

Құрметті Фариза Мусабековна! Білім басқармасы Сіздің 1-4 сыныпта оқитын әлеуметтік аз қамтылған отбасылар балаларының тегін тамақтануы, қажетті құжаттардың тізілімі туралы арызыңыз бойынша келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008ж. № 64 қаулысына және 27.07.2007ж. «Білім туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат: 1.мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2.мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға; 3.жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға; 4.төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; 5.білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тиесілі. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат (киім, аяқ киім, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға, оқитын жерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға, қаржылай көмек көрсетуге, санаторий-курорт ұйымдары мен демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға, білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуына) жұмсалады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші негізінде бөлінеді. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші бірінші басшының атына білім беру ұйымына беріледі. Өтінішті алқалы орган алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарап, жауабын береді. Ата-ана немесе заңды тұлға тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы өтінішпен бірге төмендегі құжаттарды бірге ұсынуы тиіс:  1.өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама; 2. табысы туралы (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың жалақысын, кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен түсетін табыс, балаларға және асырауындағы өзге де адамдарға алименттер түріндегі табыс) мәліметтер;  3. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі; 4. Көретілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау барысында алқалы орган қажет болған жағдайда қажетті құжаттарды сұратады. 

8 тамыз 2019 13:40   Кошбай Жанар Базарбайқызы

Ақылы оқу гранты жөнінде

Құрметті: Сейдалиев Асқар Абиевич! Менің есімім Көшбай Жанар Базарбайқызы. Қызан ауылының тұрғынымын. Мамандығым мұғалім. Әліби Жангелдин орта мектебінде қазақ тілі әдебиетінен сабақ беремін. Жалғызбасты анамын. 3 балам бар. Жолдасым 2012 жылы ауыр науқастан қайтыс болды. Үлкен балам биыл "алтын белгі" иегері атанды. ҰБТ дан 97 балл алған болатын. Таңдаған мамандығы "Туризм" және "Мейрамхана ісі" . Алайда мемлекеттік оқу грантына іліне алмады. Енді басқа мамандық таңдауға,ҰБТдан таңдаған пәндері сәйкес келмей тұр. Осы жағдайымды ескере отырып,тегін оқуға ықпал етуіңізді сұраймын.

Жауап:

Білім басқармасы Сіздің грант мәселесіне қатысты жазған сұрағыңызға сәйкес жауап береді. Балаңыз мемлекеттік грантты иеленбеген жағдайда өңірге қажетті мамандықтар тізбесінде «туризм» және "мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі" мамандықтары бар екендігін хабарлайды. Ағымдағы жылдың 5 - 10 тамыз аралығында жергілікті бюджет есебінен берілетін білім гранты конкурсына қатысуына болады. Білім гранты конкурстық негізде тағайындалады. Өтініш Ш. Есенов атындағы. Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ғимаратында қабылдануда. Грант конкурсы туралы хабарландыру облыс әкімдігі мен білім басқармасының сайтында жарияланды. Ақпарат алу үшін білім басқармасының 8/7292/571204 телефонына хабарласуыңызға болады. 

Сейдалиев Аскар Абиевич

Начальник управления